V. Үйге тапсырма беру: 37- жаттығу (жазбаша)
Орфографиялық сөздіктен түбір тұлғалары өзгеріп барып біріккен түрде жазылатын екі түбірден құралған бірнеше кісі атын теріп жазыңдар.
VІ . Оқушылардың жауаптарын бағалау. VIІ. Сабақтың аяқталуы.
№1
1.Жалпылама қолданылатын сөздердің ерекшелігін еске түсіріп, түсініктеріңді мысалдармен дәлелдеп айтыңдар.
2.«Ел» сөзін жекеше, көпше түрде тәуелде
№2
Диалектизм дегеніміз не?
Оларға мысалдар келтіріп, диалектілік ерекшеліктерді дәлелдеңдер.
«Жер» сөзін жекеше, көпше түрде тәуелде
№3
1. Көнерген сөздердің ерекшеліктері қандай? Олардың түрлеріне мысалдар келтіріңдер.
2. «дос» сөзіне фонетикалық талдау жаса.
№4
Термин сөздердің ерекшелігі мен қызметін еске түсіріңдер. Қандай терминдерді білесіңдер және олар ғылымның қандай салаларына қатысты? Ғылымның әр түрлі саласына қатысты терминдерге мысал келтіріңдер.
№5
Тұрақты тіркес пен сөз тіркесінің айырмашылығын және олардың өзіне тән ерекшелігін мысалдар арқылы салыстырып айтыңдар.