Сабақтың тақырыбы: Орфоэпиялық және орфографиялық нормалар Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет2/4
Дата28.06.2023
өлшемі22,2 Kb.
#103614
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
"Орфоэпиялық және орфографиялық нормалар"

Еске түсіру сәті
Үндестік заңы дегеніміз – сөз ішінде дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, біркелкі болып қолданылуы.
үндестік заңының 2 түрі бар: буын үндестігі және дыбыс үндестігі.
Буын үндестігі – сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан не жіңішке болып үндесуі.
Дыбыс үндестігі дегеніміз – қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ықпал етіп үндесуі. Оның 2 түрі бар:

  1. ілгерінді ықпал

  2. кейінді ықпал

Ілгерінді ықпал – қатар тұрған екі дыбыстың біріншісінің өзінен кейінгі дыбысқа ықпал етіп, өзіне ұқсатуы.

  1. Сөз бен қосымша арасында: қаш - са (қашша)

  2. екі сөз арасында: ақ балық (ақ палық)

  3. Күрделі сөздерде:

а) біріккен сөз: көзқарас (көзғарас)
ә) тіркескен сөз: ала кел (ала гел)
б) қос сөз: құрбы-құрдас (құрбы –ғұрдас)
Кейінді ықпал – қатар тұрған екі дыбыстың соңғысының өзінің алдынғы дыбысқа ықпал етіп, өзіне ұқсатуы
1) Түбір мен қосымша арасында: бас + шы (башшы)
2) Екі сөз арасында: ақ лақ (ағ дақ)
3) Күрделі сөздерде
а) біріккен сөз: Есенгелді (Есеңгелді)
ә) тіркескен сөз:он бес (ом бес)
б) қос сөз: астан-кестен (астаң-кестен)
IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Оқулықпен жұмыс.

36- жаттығу (жазбаша)
Берілген сөздерді орфографиялық сөздікпен салыстырып қарап, дәптерлеріңе жазыңдар.
Педагогтер, педагогі, геологтен, геологке, округтік, округке, парктен, паркі, киоскіге, фактіге, полктен, полкі, ансамбльге, ансамблі, бинокльдер.

38- жаттығу (ауызша)


Мәтінді түсініп оқыңдар. Қазақ тілінің халықтық ерекшелігін қай заңдылық танытатын еді, естеріңе түсіріңдер.

39- жаттығу (ауызша)


Берілген сөздер мен тіркестерді оқып, жазылуы мен айтылуын салыстырыңдар, дыбыстық өзгерістердің себебін айтыңдар.

40- жаттығу (жазбаша)


Төмендегі сөздерді орфографиялық норма бойынша жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет