Сабақ жоспары
1. Пән аты: Қазақ тілі
2. Сыныбы: 6 Тексерілді
3. Күні, айы, жылы:
4. Тоқсан: I
5. Мұғалім
Сабақтың тақырыбы: Орфоэпиялық және орфографиялық нормалар
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға орфоэпиялық және орфографиялық нормалар туралы мәлімет бере отырып, дұрыс айта ділуге, дұрыс жаза білуге үйрету.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың тілдік дүниетанымдарын кеңейту, ауызша, жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, баяндау, жазбаша жұмыс, түсіндіру, жаттығу
Сабақтың көрнекілігі: Орфоэпиялық, орфографиялық сөздіктер
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Пысықтауға арналған сұрақтар (21-22бет.)
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Тақтаға жазылған мысалдар арқылы түсіндіру.
балалық, мектеп, белсенділік, жаңалық, жақсы бала, білімді жігіт, т.б.
үздүк оқушы, көлеңке, кітап оқу, жазса, ауызша
Оқушыларға теориялық білім беру.
Сөздердің айтылуы мен жазылуы бірде сәйкес келіп, екінші бірде сәйкес келмей жатады. Мысалы: балалық, мектеп, белсенділік, жаңалық, жақсы бала, білімді жігіт, т.б. сөздер мен тіркестер осылай айтылады да, осылай жазылады. Олардың орфоэпиясы мен орфографиясында айырмашылық жоқ. Ал үздік оқушы, көлеңке, кітап оқу, жазса, ауызша сияқты сөздер мен сөз тіркестері осылай жазылғанымен, басқаша айтылады: үздүк оқушы, көлөңке, кітәб оқу, жасса, ауысша. Сөйтіп, бұл сияқты сөздердің орфоэпиясы (айтылуы) мен орфографиясы (жазылуы) бірдей емес. Ондай сәйкессіздіктің көпшілігі үндестік (буын үндестігі және дыбыс үндестігі: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал) заңына байланысты болып келеді. Сөздердің дұрыс айтылуын орфоэпиялық сөздіктер, ал дұрыс жазылуын орфографиялық сөздіктер көрсетеді. Мәдениетті елдердің жазуында сөздер ресми түрде қабылданған орфографиялық ережелер бойынша біркелкі жазылады. Сөйлеуде сөздердің дұрыс айтылу нормасы сақталып, құлаққа жағымды етіп айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |