Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу 26 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
Күкіртсутектің тотықсыздандырғыш қасиеттерін анықтайды
|
Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру.
|
Жеке жұмыс
|
Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1.Тапсырма
Берілген реакция теңдеулеріндегі күкірттің тотығу дәрежелерін, күкірттің қасиеттерін анықтап, электрондық баланс әдісімен теңестіріңдер.
H2S + Br2 → S + HBr
H2S + FeCl3 → FeCl2 + S + HCl
H2S + Cl2 + 4H2O → H2SO4 + HCl
H2S + HNO3(конц) → H2SO4 + NO + H2O
H2S + H2SO4(конц) → S + SO2 + H2O
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Реакцияны жүзеге асыру
|
ДК экраны
11-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Жеке жұмыс
|
Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
|