Барлық оқушылар санды өрнектерді (қосынды, айырма, көбейтінді, бөлінді) ажыратады, өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтау ережесін түсінеді, қолданады.
Көптеген оқушылар қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарынан тұратын жақшалы, жақшасыз өрнектердің мәнін амалдар реті бойынша орындайды.
Кейбір оқушылар қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарының әртүрлі комбинациясынан тұратын жақшасыз өрнектерде амалдардың орындалу рет-тәртібі алгоритмін тұжырымдайды.
Операционалдық-танымдық кезеңОқулықпенжұмыс. Санды теңдіктерді салыстыруды пайдаланып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын тағайындауға оқушылар назарын аудару, сонымен қатар санды өрнектер, санды теңдіктер құру, оқу және жазуға қатысты білім мен дағдыларды дамыту маңызды.
1-тапсырмадатек қосу мен азайтудан тұратын жақшалы, жақшасыз өрнектердегі амалдарды орындау ретін есіне түсіріп, амалдардың орындау ретін анықтайды.
1-тапсырмада берілген өрнектерді салыстыру, зерттеу нәтижесінде жаңа тұжырым жасайды.
1-тапсырма.
Критерий:
өрнектің мәнін амалдар реті бойынша есептейді.
Дескриптор:
амалдардың орындалу ретін
Жақшалы және жақшасыз өрнектердің орындалу реті көрсетілген үлгі кестелер, тірек сызбалар.
82
Нәтижесінде «Тек қосу мен азайтудан, көбейту мен бөлудентұратын жақшасыз өрнектердегі амалдар солдан оңға қарайқандай ретпен жазылса, сондай ретпен орындалады» деген тұжырым жасайды.
тапсырма бүгінгі сабақтағы жаңа білімін қолдана білуге негізделген.
10 – 18 : 6
Жақшасыз өрнекте көбейту мен бөлу амалдары сол жақтан оңға қарай ретімен орындалады. Соңынан қосу мен азайту амалдары сол жақтан оңға қарай ретімен орындалады.
1-амал: 18 : 6 = 3
2-амал: 10 - 3 = 7
Қосымша кестеде берілген өрнектердің амалдар ретін пысықтау ұсынылады.
«Жақшасыз өрнектерде жазылу ретіне қарай алдыменкөбейту немесе бөлу, содан кейін қосунемесе азайтуамалдары орындалады» деген қорытынды жасауға негіз болады.
тапсырмада жақшалы, жақшасыз өрнектердегі амалдар реттілігін анықтайды. Қосу, азайту амалдарымен берілген өрнектің және көбейту, бөлу амалдарымен берілген өрнектің мәндерін табады, салыстырады.
Салыстыру, болжауға бағытталған 4-тапсырмада тура теңдік болатындай жақша қойып, болжамының дұрыстығын тексереді.