3-тапсырма.
Үйірлі мүшелердің түрін ажыратып, семантикалық картаны толтырыңдар.
Мысал
|
Үйірлі
баст
|
Үйірлі
баянд
|
Үйірлі
толықт
|
Үйірлі
анықт
|
Үйірлі
пысықт
|
Жаз шыға қойшылар ауылға қарай бет алды.
|
|
|
|
|
|
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.
|
|
|
|
|
|
Сіздің ауыл бұрынғыдай емес: өзгеріпті, жаңарыпты, үлкейіпті.
|
|
|
|
|
|
Құлақ естігенді көз көреді.
|
|
|
|
|
|
Білімі күшті мыңды жығады.
|
|
|
|
|
|
|
Оқушылар өзімізді қоршаған ортаға не жататындығын кластерге топтастырып жазады.
Жауабы:
Қоршаған ортаға: жер, су, табиғат, өсімдіктер, жануарлар, т.б жатады.
Оқушылар бұл тапсырмада алдымен мәтінді оқиды.
Ондағы терминдерді дәптерге жазып алып,
Оларға өз анықтамаларын құрастырады.
Ықтимал жауап:
Қоршаған орта – айналамыздағы көрінетін, естілетін және сезілетін затттың барлығы айтылады.
Қоршаған ортаны қорғау – бізді қоршап тұрған табиғатты ,жер-ананы, суды , жануарларды қорғау үшін әрекет ету.
Табиғи ресурстар – жер, су, әуе байлықтары, пайдалы қазбалары, экономикалық, өндірістік ресурстар.
Табиғатты пайдалану – адамдардың өз игіліктері үшін табиғатты қолдануы.
Оқушылар сөйлемнің үйірлі мүшелері туралы ақпаратты алды. Маңызды ережелерді мысалымен дәптерлеріне көшіріп жазды.
Оқушылар үйірлі мүшелердің түрлерін ажыратып, семантикалық картаны толтырады.
Жауап:
1.Жаз шыға (қашан?) – үйірлі пысықтауыш
2.Ұстазы жақсының(кімнің?) – үйірлі анықтауыш
3.Өзгеріпті, жаңарыпты, үлкейіпті (қайтіпті?) – үйірлі баяндауыш
4.Құлақ естігенді (нені?) – үйірлі толықтауыш
5.Білімі күшті (кім?) – үйірлі бастауыш
|
Достарыңызбен бөлісу: |