Сабақтың тақырыбы Қоршаған орта: терминдер мен анықтама



бет1/4
Дата05.06.2022
өлшемі0,53 Mb.
#36362
түріСабақ
  1   2   3   4

Бөлім:

6-бөлім: Биоалуантүрлілік. Қоршаған орта және энергия ресурстары (Синтаксис)

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шакетова Самал Есенгелдиевна
Машықкердің аты-жөні: Алдашова Аякөз Алдашқызы

Сыныбы: 9

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қоршаған орта: терминдер мен анықтама (Сөйлемнің үйірлі мүшелері)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.3.6.1 – БАҚ материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасау, редакциялау.
8.4.4.3 – сөйлем ішінде үйірлі мүшелерді қолдана білу.




Сабақтың мақсаты

Мәтінді түзетіп, редакциялайды.
Үйірлі мүшелерді сөйлем ішінде қолдана біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының
іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы 5минут



І Ұйымдастыру бөлім
1.Оқушылармен амандасу
«Жағымды тілек» алқасы
Түрлі-түсті ұзын қысқа жіптерді қолдану арқылы бұл жіптерді жай жіп деп емес, біздің шығармашылығымыздың ұшқындары деп қарап, сол ұшқынды әдемі алқаға айналдырады, яғни ұзын жіптерді мойындарына тағып ұшын байлайды, кейін түрлі-түсті жіптен алып, бір-бірінің мойнындағы алқаға жағымды тілек айтып, байлауы тиіс Осылайша қысқа жіптер алқаның моншақтарына айналады
2.Үй тапсырмасын сұрау
«Қарлы кесек» әдісі арқылы өткен тақырыпты пысықтау. 1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не? 2. Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді? 3. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не? 4. Салалас құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?
5.Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін ата.


Ой шақыру  
Суреттерге қараңдар
Қандай ой туындады?
Біздің сабағымызға қандай қатысы болуы мүмкін?

Оқушылар мұғаліммен амандасады.
Одан соң «Жағымды тілек» алқасы әдісі арқылы бір-біріне жақсы көңіл-көңіл сыйлап, сынып ішінде жағымды ахуал қалыптасады.
«Қарлы кесек» әдісі арқылы үй тапсырмасын

Дескриптор:
-ұзын жіптерді мойындарына тағады;
-қысқа жіптер арқылы бір-бірлеріне тілек тілейді;
-жағымды тілек алқасын жасайды.

Түрлі түсті ұзын-қысқа жіптер,





Сабақтың ортасы
35 минут

ІІ Жаңа сабақ
1-тапсырма. Қоршаған ортаға не жатады?



2-тапсырма.
Мәтінді оқыңдар. Мәтінде берілген терминдерді жаза отырып, кітаптағы анықтамаларды қолданбай , өз ойларыңмен қалай түсінгендеріңді, яғни өз сөздеріңмен анықтама құрастырып жазыңдар.
Қоршаған орта - табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды әрі жансыз жиынтығы;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет