2-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы. Отан, туған жер туралы пікірлеріңді бөлісіңдер.
Оқылым: Өлеңді мәнерлеп оқиды. Отан, туған жер туралы пікірлермен бөліседі. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың оқылым және айтылым дағдысы қалыптасады.
Сөйлемдегі қызметі, тұлғасы бірдей, бір сұраққа жауап беретін, бір ғана мүшемен байланысатын екі не одан көп мүшелерді бірыңғай мүшелер дейді. Сөйлемнің барлық мүшесі: бастауыш та, баяндауыш та, толықтауыш та, анықтауыш та, пысықтауыш та бірыңғай мүше бола алады. Бірыңғай мүшелер жалғаулықсыз да, жалғаулық арқылы да байланысады. Жалғаулық шылаулар
қайталанбай, бір-ақ рет келсе, арасына үтір қойылмайды. 3-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңдар. Адам әрекетінің салдарынан табиғи
ресурстар қандай өзгеріске ұшырайтыны туралы пікірлесіңдер. Мәтіннен
бірыңғай мүшелерді тауып, қай сөз табынан жасалғанын анықтаңдар.
4-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, бірыңғай мүше лерді қатыстырып, диалог құрыңдар. Бірыңғай мүшелер мен интонациялық кідіріс туралы түсінігіңді сыныптасыңа айт.
Бірыңғай мүше туралы грамматикалық түсіндірме жүргізіледі.
Мәтінді мұқият оқиды. Адам әрекетінің салдарынан табиғи
ресурстар қандай өзгеріске ұшырайтыны туралы пікірлеседі. Мәтіннен
бірыңғай мүшелерді тауып, қай сөз табынан жасалғанын анықтайды.
Айтылым: Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, бірыңғай мүше лерді қатыстырып, диалог құрады. Бірыңғай мүшелер мен интонациялық кідіріс туралы түсінігің бір-біріне айтады.
Жарайсың!
Тамаша!
От шашу
Марапаттау
Оқулық, жұмыс дәптері
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
«Кезбе тілші» әдісі арқылы тыңдалым, оқылым мәтіні бойынша әр топтан бір оқушы басқа оқушыларға сұрақтар қойып, жауап береді. Саралау: Оқушылар өз мүмкіндігіне қарай жуан, жіңішке сұрақтар қояды. Рефлексия: «Киіз үйді безендір» әдісі арқылы кері байланыс жүргіземін. Ø Егер саған сабақ ұанаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болсаң, киіз үйді көк түсті оюмен безендір Ø Егер сен сабақта белгілі бірқиындықты кездестірген болсаң, киіз үйді сары түсті оюмен безендір Ø Егер саған сабақ барысында тапсырмаларды қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, киіз үйді қызыл түсті оюмен безендір.