ІІ. Миға шабуыл. 1. Деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек?
2. Зиянды әдеттерге нелер жатады?
3. Спорттың, қимыл - қозғалыстың адам денсаулығына әсері қандай деп ойлайсыңдар?
4.Денсаулық дегеніміз не?
5.Сен өз денсаулығыңды сақтау үшін қандай жағдайлар жасап жүрсің?
ІІІ. Салауатты өмір сүрудің мақсаты Қазіргі кезеңдегі қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамуында орын алып отырған қиындықтарға қарамастан, салауатты өмір сүрудің мемлекеттік жүйесі түпкілікті, жалпы адамзаттық рухани байлықтарға негізделуі тиіс. Ол жеке бастың үйлесімді дамуына, денсаулықты нығайтуға, адамдардың тіршілік үшін белсенділігін арттыруға ықпал жасауды өзінің басты мақсаты етіп алуы керек.
IV. Салауатты өмір сүрудің негізгі қағидалары: - дұрыс тамақтану;
- зиянды әдеттерден аулақ болу;
- жеке бас тазалығын сақтау;
- денешынықтырумен айналысу;
- оң эмоциялардың көп болуы;
- қоршаған ортаның тазалығы;
- күн тәртібін сақтау;
- үнемі қозғалыста болу.
V. Көрініс Салауатты өмір сүрудің негізгі қағидаларының бірі «Зиянды әрекеттерден аулақ болу» негізінде «Көркем білім графика және жобалау тобы» студенттерінің дайындаған көрінісін тамашалайық.
(көрініс)
Ішімдік ішу, шылым шегу мен нашақорлыққа салынған адам жан тазалығы, дене тазалығы дегеннің бәрін ұмытып, рухани жағынан кедейлене түседі. Бұндай адамдар өз отбасына от құйғандай көп нәрсені ойламай істейді, ешқандай жауапкершілікті сезінбейді.
VІ. Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Салауатты өмір сүру салтының қағидалары незігінде дайындаған «Көркем білім графика және жобалау тобы» студенттерінің «4 сурет 1сөз» ойынына назар аударайық. (4 сурет 1 сөз ойыны)
VІІ. «Денсаулық – зор байлық, адам бақытының бастауы»- дейді халқымыз. Ата бабаларымыздың бұл дана ой-пікірі талай ғасырлар белесінен өтіп бізге жетіп отырғаны шындық.
Қазақ халық әдебиетінде салауатты өмір салтына байланыты көптеген нақыл сөздер мен мақал-мәтел бар. Сол мақал-мәтелдерді еске түсіріп көрейік.