Енді осы аталған мақал-мәтелдердің шығыс тілінде ұқсас нұсқалары, осындай мақал-мәтелдер бар ма екен, студенттерімізден сұрап көрсек.
(Ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалімі тобы мақал-мәтелдерді айтады)
VІІІ. «Пирамида» ойыны. Жалпы мәдени дамуға, денсаулыққа да апаратын жол білімді меңгеруден басталады. Тұлғаның дамуында дене мәдениетнің әсері туралы пікірлері, дене бітімі мен оның функционалды дамуы туралы материалдық құрылымның болуы маңызды. Ендігі кезекте «Химия» тобының дайындаған ойынын бірлесе ойнап көрелік.
(Химия тобының ойыны)
VIІI. Ойын
Маржан
ІХ. «Жүректен-жүрекке» тілек айту. Студенттер бір – біріне жүректен шыққан ізгі тілектерін жолдайды.
Х. Қорытынды. Ақын Д.Шалқарбаевтың жазған мынандай:
Ойлан, достым!
Ойланбасаң болмайды,
Ойланбауда жатқан жоқ па бар қайғы?
Өлең жолдары осы қарастырып отырған ойсыздық, жауапкершіліктің жоқтығы сияқты мәселелерге байланысты орынды ой түйіні деп санамыз.
«Тән сұлулығының тамыры – тазалықта, жан сұлулығының тамыры – тән саулықта» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, біздің таңдауымыз салауатты өмір салты.
Енді бүгінгі ашық семинар сабағымызды қорытындылау үшін оқутышы-профессорымыз Махметова Балайна Теменовнаға беріледі.