Топта бірлесіп жұмыс істеу, топ ережесіне бағыну, бір-бірінің пікірін тыңдау
Пәнаралық
байланыс
Ағылшын тілінде сөздер қолданылады
Алдыңғы білім
Сұрыптау функциялары (9 сынып)
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Уақыт
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
1 мин
Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу
Шаттық шеңбері: Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, сабаққа көңілді қатысады.
2 мин
5 мин
Топқа біріктіру:Оқушылар сандар арқылы топтарға бірігеді.
Өткен сабақты пысықтау: «Серпілген сауалдар» әдісі
Оқушылар шеңбер құрып тұрып, допты лақтыру арқылы келесі оқушыға өткен тарау бойынша сұрақ қояды. Ол оқушы жауа беріп, келесі оқушыға сұрақ қойып, допты лақтырады.
Мұғалім слайд, бейнекөрсетілім арқылы білімдерін толықтырады.
Оқулық, бейнебаян, слайд
5 мин
1-тапсырма.
Берілген сұрыптау әдістерін талдаңдар (1-кесте). Бұл әдістердің негізгі ұқсастықтары мен айырмашылық- тарын анықтаңдар. Бұл сұрыптау алгоритмдерінің қайсысы тиімді? Неге? Себебін түсіндіріңдер.
Дескриптор:
«Сұрыптау» ұғымы мен түрлерін анықтайды.
Фигуралар арқылы бағалау
7 мин
2-тапсырма.
1-мысалдағы сұрыптауға арналған есепті Python тілінің сұрыптау функцияларына ауыстырып, программа кодын қайта жазып, ұсыныңдар.