Белсенді (активті) тасымалдау деп заттың электрохимиялық потенциалы төмен ортадан жоғары ортаға қарай тасмалданады. Мембранада белсенді зат тасмалдау өздігінен жүре алмайды. Ол аденозин- трифосфат (АТФ) қышқылының гидролиздену үдерісімен қатар жүреді, яғни бұл тасмал АТФ-те жинақталған энергияны шығындау есебінен болады.
Белсенді тасымалдайтын иондық электрогендік сорғылар:
I – К+-Na+-ATФ-аза
(цитоплазматикалық мембранада)
Натрий-калий сорғысы жасушада осмос тепе теңдігін сақтау үшін қажет. Әр 2 калий ионына жасушадан 3 натрий ионы шығарылады. Осының арқасында жасуша іші қоршаған ортаға қарағанда теріс зарядты болады да, мембрананың екі жағы арасында потенциялдар айырмашлығы пайда болады.
II – Са2+-ATФ-аза (саркоплазматикалық ретикулум мембранасында, Са2+- насос)
III – Н+-АТФ-аза немесе протондық помпа (энергия тасмалдайтын митохондрий, хлоропласт және бактерия мембранасында).
Везикулярлы тасымалдану(Белсенді )
эндоцитоз
экзоцитоз
пиноцитоз
фагоцитоз
Эндоцитозда плазмалық мембрана иіліп, өсінділер түзеді, ал кейін олар үзіліп көпіршік немесе вакуоль түзеді.