Осы қозғалысқа әсер етуші күшті осмостық қысым дейді.
Осмостық қысым ертіндісінің және температурасына тәуелді. Оны Вант-Гоффтың теңдеуімен түсіндіруге болады.
R-универсал газ тұрақтысы, С-ерітіндінің таралымы, і-изотониялық коэффициент, Т-абсолют температура.
Диффузия бөлшектің бір градиенттен екіншісіне тасымалдану жылдамдығы, қоспалардың концентрациясына, бір біріне тартылған молекулалардың мөлшеріне, молекуламен қашықтыққа, сыртқы температураға, молекуланың ерігіштігіне және мембрананың беткі қабатына байланысты болады.
Тыныс алу кезіндегі альвеолалардағы газ алмасу.
Өсімдік жапырақтарындағы фотосинтез үшін газ алмасу.
Енжар (пассивті) тасымалдауда жасушадағы заттың таралымы (концентрациясы) көп орыннан (С1), таралымы аз орынға (С2) қарай, ал электролиттерде электр өрісінің потенциалының мәні жоғары (1) орыннан потенциалы төменгі (2) орынға қарай бір бағытта жүреді.
Пассивті транспорт Гиббс энергиясының азаюымен өтеді. Сондықтан бұл процесс өздігінен ешқандай энергия шығынысыз өте береді
Қарапайым диффузия молекулалар жоғары концентрациясы бар ортадан төмен концентрацияланған ортаға ауысқан кезде пайда болады.
Қарапайым диффузия жолымен молекула кешені түзбей, кіші полюссіз молекула оттек және су, көмірқышқыл газы, этанол, несепнәр, аммиактар өтеді.
Сілекей дентинді ұлпаға эмаль арқылы өтеді. Сондықтан, сілекейдегі заттар концентрациясы тіс ұлпасындағы концентрациясынан жоғары болу қажет.
Жеңілдетілген диффузия - тасымалдаушы нәруыз көмегімен заттардың жоғары концентрациялы ортадан төменгі концентрациялы өтеді.
Бұл үдеріс концентрация айырмашылығы бойынша жүреді.
Қарапайым диффузиямен салыстырғанда тезірек жүреді. Амин қышқылдары, моносахаридтер, нуклеотидтер, иондар өте алады. Тасымалдаушы нәруызбен берік кешен құрайды.
Жеңілденген диффузияның қаныққыштық қасиеті бар: мембрананың бір бетіндегі заттың таралымы қанша көп болғанымен екінші бетіне сол заттың молекулалары белгілі бір шамада ғана өте алады
Жеңілдетілген диффузияда заттар өздерінің градиенті бағытында жүріледі.
Мысалы судың бүйректе секреторлық эпителий жасушалары мембрана арқылы өтеді.Осы мембранада диффузия қарқынын арттыратын фермент транслоказа - аквапорин деген нәруыз болады
Диффузия процесінің Фик заңы бойынша диффузия жылдамдығы
сол заттың таралымының өзгерісіне (градиентіне) және диффузия өтетін S ауданына тура пропорционал: