Белсенді (активті) тасымалдау деп заттың электрохимиялық потенциалы төмен ортадан жоғары ортаға қарай тасмалданады. Мембранада белсенді зат тасмалдау өздігінен жүре алмайды. Ол аденозин- трифосфат (АТФ) қышқылының гидролиздену үдерісімен қатар жүреді, яғни бұл тасмал АТФ-те жинақталған энергияны шығындау есебінен болады.
Белсенді тасымалдайтын иондық электрогендік сорғылар:
I – К+-Na+-ATФ-аза
(цитоплазматикалық мембранада)
Натрий-калий сорғысы жасушада осмос тепе теңдігін сақтау үшін қажет. Әр 2 калий ионына жасушадан 3 натрий ионы шығарылады. Осының арқасында жасуша іші қоршаған ортаға қарағанда теріс зарядты болады да, мембрананың екі жағы арасында потенциялдар айырмашлығы пайда болады.