Сабақтың тақырыбы: Педагогикалық менеджмент Жоспар Педагогикалық менеджменттің функциялары



бет1/4
Дата19.11.2022
өлшемі45,69 Kb.
#51211
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
1. 11.11.2022 ж. Педагогика-дәріс


Күн: 11.11.2022 ж.


Топ: 4 УМ-1
Пән: Педагогика
Сабақтың тақырыбы: Педагогикалық менеджмент
Жоспар

  1. Педагогикалық менеджменттің функциялары;

  2. Менеджменттің басқарудағы қосалқы қызметтері.

И.П. Третьяков «Нəтижелер бойынша мектеппен басқару» кітабында басқарудың келесі функцияларын бөлді:

1. ақпараттық-талдау;


2. уəждеу-мақсаттық;


3. жоспарлы-болжамдық;


4. ұйымдастырушылық-атқарушы;


5. бақылау-диагностикалық;


6. реттеу-түзету.


Ол басқарудың функциялық буындары қызметінің салыстырмалы дербес түрлері ретінде қарастырылса да, олардың барлығы өзара бай-ланысты жəне бірыңғай басқарушы циклді құрай отырып, бірін-бірі кезең-кезеңімен ауыстыратынын көрсетті.


Ақпараттық-талдау функция үш деңгейдегі ақпарат ағысын көздейді:


– əкімшілік-басқарушы (директор, оқу-тəрбие жөніндегі орынбаса-ры, сыныптан тыс жəне мектептен тыс жұмыс жөніндегі орынбасары, əкімшілік-шаруашылық бөлімі бойынша орынбасары, диспетчер жəне басқалары);


– ұжымдық-алқалық басқару деңгей (мектеп кеңесі, педкеңес, əдістемелік кеңес, қоғамдық ұйымдар);


– оқушылардың өзін-өзі басқару деңгейі.


Ақпараттық-талдау қызметінің тиімді жүйесі П. И. Третьяковтың пікірі бойынша, біріншіден, жүйелі болуға тиіс; оның құрылуы жəне қызмет етуі кезінде мазмұнын, көлемін, дереккөздерін, ол кімге арналғанын анықтау маңызды.


Уəждеу-мақсаттық функция өзіне басқарудың бірінші кезеңі, оның шығармашылық құрамдас бөлігі болатын мақсаттың таңдауын енгізеді. Мақсаттар дереккөзі жəне пайда болу тəсілі бойынша адам-мен немесе əлеуметтік жүйемен өздігінен қалыптасатын не ішкі, егер сырттан берілсе, сыртқы болу мүмкін. Педагогикалық жүйелерде сыртқы мақсаттар ең маңызды жəне жаһандық болады, өйткені қоғаммен байланысты. Білім беру мекемесінің мақсаттық бағдарларын анықтағанда «мақсат», «міндет», «мұрат» деген ұғымдарды саралау қажет.


Уəждеу-мақсаттық функцияның негізгі міндеті келесідей: «педагогикалық ұжымның барлық мүшелері оларға жүктелген міндеттер мен жоспарға сəйкес, сондай-ақ жеке жəне ұжымдық мақсаттарға жетуде қажеттіліктері бойынша жұмысты нақты атқаруға тиіс. Мектеп менеджерлерінің басты міндеті – педагогикалық үдерістің барлық қатысушылары үшін тəсілдерді, керек-жарақты қамтамасыз ету, осы қажеттіліктерді қанағаттандыру» [104, 23 б.].


Жоспарлы-болжамдық функциясы - болжау мен идеалды жəне нақты мақсаттардың оңтайлы таңдауына, оларға қол жеткізу бағдарламаларын əзірлеуге бағытталған қызмет ретінде жоспарлау да кіреді. Жоспарлы-болжамдық функциясының жетілуі мектептің өзекті («айқайлап тұрған») мəселелерін шешуге бағытталған кешендік-мақсаттық жоспарлауды енгізуімен байланысты.


Ұйымдастырушылық-атқарушы функция – білім беру мекемесінің жұмыс сапасына тікелей əсер ететін ерекше кезең.


Жоспарланғанды жүзеге асыру үшін көзделгенді атқаратын адам-дарды белгілеу, яғни басқару субъектілерін атау, əр субъект нені атқару керектігін тұжырымдау қажет, басқалай айтқанда, оның функционал-дық міндеттерін анықтау керек.


Автор осы функцияның жүзеге асыруының тиміділігін арттыруы-ның негізгі бағыттарына келесілерді жатқызады:


– қызметті ұйымдастыруға жеке-бағдарлық көзқарастарды жүзеге асыру;


– мектеп басшыларымен жəне педагогикалық ұжым мүшелерімен басқару аппаратының ішінде функционалдық міндеттерді ғылыми жəне тəжірибелік негіздемелік бөлу;


– еңбекті тиімді ұйымдастыру;


– мектепішілік басқарудың қатыстық автономдық жүйелерін қалыптастыру.




Бақылау-диагностикалық функция немесе мектепішілік бақылау

«диагностикалық негізде мектептің оқу-тəрбие жұмысының бүкіл жүйесінің қызмет етуі мен дамуының жалпы мемлекеттік талаптарға (нормативтерге) сəйкестігін анықтау бойынша қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірге басшылардың қызмет түрі» [104, 25 б.].


Мектепішілік басқарудың бақылау-диагностикалық функциясы дербес жағдайларында, мектепке көптеген құқықтар мен өкілеттілік-терді бергенде, демек оның жауапкершілігін арттырғанда мұғалім мен оқушының қызметін ынталандыру мақсаттарында бұрынғыдан да айрықша орын алуға тиіс.


Бірінші тараптан, мектеп дамытушы жəне дамушы жүйе ретінде, үнемі мектепішілік бақылауды (өзіндік бақылауды) жүргізеді, бірақ, екінші тараптан, оқушылардың білімдерінің, ептіліктерінің, дағдыларының жəне тəрбиелілік деңгейінің бірыңғай мемлекеттік базистік деңгейін қамтамасыз ету үшін, мемлекеттік-қоғамдық сараптамаға да жатқызылады.



Реттеу-түзету функциясы, яғни педагогикалық жүйені басқару үрдісінде бағдарланған деңгейде қолдау үшін жедел тəсілдер, құралдар мен əсер етулердің көмегімен түзетулерді енгізу жөніндегі қызмет.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет