Сарамандық жұмысы:Әр топтың оқушылары ойларынан адамның түрін, көңіл күйін сипаттап айтып береді. Ал екінші топ, көз алдарына сол адамды елестету арқылы қағаз бетіне адамның бейнесін түсіреді.
Портрет түріне көңіл бөлейік:16 ғасырда өмір сүрген, Итальян суретшісі Джузеппе Арчимбольдо ерекше портреттер салған.Джузеппе Арчимбольдо портретті: жеміс-жидектерден,өсімдік гүлдермен, жапырақтардан және көкөністерден ерекше адамның бейнесін жасаған..
Жұмысты төмендегі кезеңдерге сай орындаған дұрыс:
Портретті парақтың қай бөлігіне орналастыру керегін шеше отырып, нысандардың сұлбасын қарындашпен сызу.
Суретке қажетті бөлшектерді жапсыру.
Техника қауіпсіздігін сақтау.
Жұмысты аяқтау.
Кәсіби фотосуреттер -Фотосуретті портрет ретінде қарастыруға болады ма? Неліктен? -Суретшілер мен портреттер арасындағы айырмашылық қандай? -Фотосуреттер қандай жарықта орындалған? -Суретке түсіру кезінде қандай композициялық ережелерді сақтау керек? -фотосуреттің орындалу техникасына байланысты материалды жіктей білу.
Тапсырма берген топтың оқушысы, өзінің сипаттап берген адам бейнесінің қалай шыққанын бағалайды.
Оқушылар слайдтан көрген портреттің қандай ерекшеліктері бар екенін талқылайды.
:Әртүрлі бұрыштардан портретке жарықтық түсіру арқылы жұмыс атқару.
Талқылауға арналған сұрақтар 1-композиция дегеніміз не?
2-композицияның қанда түрлері,жұмыс атқаруға көмектеседі?
3- Фотосуреттің сапасына бұрыштарды таңдау қалай әсер етеді?
4- Қай бұрышты таңдайсыз?
5- Қай жағынан? Жоғарыдан? Қашықтықта? Жақындық? Бұрышта?
Камерамен тәжірибеге кіріспес бұрын, мұғалім оқушыларды көрнекі құралмен және жасанды жарық шамдарымен жұмыс істеуге ұсынады.