Сабақтың тақырыбы: Презентация құрып үйрету Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата08.06.2023
өлшемі23,57 Kb.
#99641
түріСабақ
Байланысты:
5 сынып 12.04




Мектеп: “Чернигов орта мектебі” КММ

Мұғалімнің аты - жөні: Оспан М.Қ.

Бөлім:

Жобаны құру және оны ұсыну

Күні:

12.04.2022ж

Сынып: 5 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Презентация құрып үйрету



Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

3.1.2.1. Компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру;
3.1.2.2. Компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: программалаудың ойын тілін қолдана отырып, дыбыс эффектілері бар оқиғалар мен нысандардың анимациясын жасай алады.
Оқушылардың басым бөлігі: Жобаның тақырыбын, мақсатын және міндеттерін айқындау
Кейбір оқушылар: презентацияны анимациялай алады.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
· жоба; жобамен жұмыс кезеңдері; жұмыс жоспары; жобаның презентациясы
Талқылауға арналған сұрақтар:
· Мен осы тақырыпты таңдадым, себебі …
· Менің программамда … алгоритмі бойынша … әрекет жасайды.
· …кезеңінде мен…қиыншылықтарға тап болдым.
· Маған осы жоба ұнады, өйткені...



Пәнаралық байланыс

Математика ,орыс тілі , ағылшын тілі


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
8 мин



Ұйымдастыру. Сәлемдесу.
«Өрмекші торы» әдісі арқылы психологиялық тренинг өткізу.
Оқушыларға тақырыпты ашу үшін түрткі сұрақтар қою.
Анимация деген не?
Презентация құратын қандай программаларды білесіңдер?
Power Point бағдарламасы жайлы естігендерің бар ма?



Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу





Ауызша мадақтау

Слайд

Сабақтың ортасы
Жаңа сабақ
30 мин

Жаңа сабақ. Презентация - бір нәрсені (ұйым, жоба, өнім және т.б.) таныстыруға арналған құжат немесе құжаттар жиынтығы.
Презентацияның мақсаты - тыңдаушыларға презентация нысаны туралы толық ақпаратты ыңғайлы түрде жеткізу. Қазіргі уақытта презентация маркетингте қолданылады. Презентацияда бір мақсатта жұмылдырылған мәтіндер, гипермәтіндік сілтемелер, компьютерлік анимациялар, графика, видео, музыка және дыбыстық жазбалар болуы мүмкін (бірақ барлығы болуы міндетті емес).Сонымен қатар, презентация ақпаратты оңай қабылдау үшін ұйымдастырылған сюжет, сценарий және құрылымға ие.
Оқушылардың назары сабаққа ауып отырғанын айқындау мақсатында кері сұрақтар қою.
Презентация дегеніміз не?
Қандай мақсатта презентацияны қолданамыз?
Оқушыларға нақты түсінікті болу үшін видеосабақ көрсету.

Оқушылар тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап беріп отырады.


Оқушылар видеосабақты көреді.



Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

Ауызша Мадақтау.



Слайд

https://youtu.be/tTxIISKoCgg





Сабақтың соңы
Қорытынды
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.



«Жетістік баспалдағы» арқылы рефлексия өткізу.

Тақырып бойынша не түсінгенін,нені түсінбегенін айтады.

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.

Жетістік баспалдағы фотосуреті


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет