Сабақтың тақырыбы Программалар құруды жалғастырамыз



Дата06.10.2023
өлшемі24,82 Kb.
#113167
түріСабақ




Бөлімі

II бөлім. Шығармашылық жəне компьютер (ортақ тақырып:
«Менің отбасым жəне достарым»)

Педагогтің аты-жөні




Күні




Сыныбы

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Программалар құруды жалғастырамыз

Оқу бағдарламасына сəйкес оқу мақсаты

2.4.1.1 тармақталған алгоритмді жүзеге асыру;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы үшін:
Scratch программасында кейіпкерді сызықтық алгоритммен басқаруға мысал келтіреді.
Оқушылардың көбі үшін:




Екі достың «Сан жасыру» ойынын Scratch-те қалай программалауға болатынын əңгімелейді.
Кейбір оқушылар үшін:
Тармақталған алгоритмді жүзеге асырады.



Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс- əрекеті

Оқушының іс-əрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ)
Ұйымдастыру кезеңі
(1-7 мин.)

Сəлемдесу, оқушыларды түгендеу.
І. Қызығушылықты ояту: «Екі лагерь» əдісі.
Топтастыру. Жүргізуші сыныптағы бір оқушының өз қалауымен сыртқа шығып кетуін ұсынады. Ол сыртқа шыққанда, қалған оқушылар бір ұқсас белгісіне қарай екі топқа бөлініп, бір-бірінен алыс отырады. Сырттағы оқушы кіріп, екі топтың қандай бір-біріне ұқсамайтын белгі арқылы бөлінгенін табу керек. Ойын топқа бөлінген оқушылардың ықыластылығы мен зейінділігін анықтау үшін жүргізіледі.
Бұл оқушылар арасында психологиялық жағымды ахуал туғызады.

(МК, Ұ) Ой
қозғау. «Миға шабуыл» əдісі

Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді.
Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып,
жауап береді.

–Scratch программасында кейіпкерді сызықтық алгоритммен басқаруға мысал келтір.
–Екі достың «Сан жасыру» ойынын Scratch-те қалай программалауға болады?

Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігіне қарай
«Отшашу» əдісі арқылы бағалайды.




Жаңа сабаққа дайындық

Жаңа сабаққа дайындық ретінде «Сұрақ-жауап» əдісін қолданып, талқылау жұмысын жүргізу. Қандай да болмасын ақпарат (мəлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ортаға салады.
Ұжымдық талқылауда оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерін еркін айтуы, ешқандай сынға ұшырамауы керек. Қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін,
мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.

Сабақтың ортасы (31 мин.)

ІІ. Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін). (Т) Оқулықпен жұмыс. «DEAL» əдісі.
D (Describe) – баяндау, суреттеу (оқығанын, көргенін сипаттау, сынау, өлшеу).
E (Explain) – түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу).
A (Anallуse) – талдау (ақпаратты талдау,

Дескриптор

  • Оқулықтағы мəтінді оқиды.

  • «DEAL» əдісі бойынша мəтінмен жұмыс істейді.

  • Оқулықта берілген практикалық жұмысты компьютерде орындайды.

Топ мүшелері бірін-бірі сабаққа қатысу белсенділігіне қарай
«Отшашу» əдісі бойынша бағалайды.

Интерактивті тақта.




қорытынды жасау, себептерін атау).
L (Links) – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен
байланыстыру).



















(Ж) 1- тапсырма. Тармақталу алгоритміне арналған, аяқталмаған 2 жоба берілген.
Осы жобаға скриптілер қосып, есеп құрастырып
көріңдер. Жобаны толық аяқтаңдар.

Дескриптор

  • 1-жобаға скрипт қосып, жобаны құрастырады.

  • 2-жобаға скрипт қосып, жобаны құрастырады.

  • 2 жобаны толық аяқтайды.

Топтағы оқушылар бір- бірін сабаққа қатысу белсенділігіне қарай
«Отшашу» əдісі арқылы бағалайды.













(Ж) «Жұппен жұмыс» əдісі Бұл жұмыс түрінің мақсаты – балаларды басқа адамды естуге, тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға, дəлелдеуге, басқаның
пікірімен санасуға мүмкіндік береді. Жұппен жұмыс істеуде балалар өз серігін өзі таңдайды. Жыл көлемінде əртүрлі адамдармен қарым-қатынас
жасауға үйренеді.

2-тапсырма
–1-ші жəне 2-жобаның скриптілері орындалғанда, экранға қандай нəтиже шығады? Себебін түсіндіріп көр.
Дескриптор

  • 1-жобаның нəтижесін шығарады.

  • 2-жобаның нəтижесін шығарады.

  • Екі жобаның себебін түсіндіреді.

Жұптағы оқушылар бір- бірін жұптағы жұмыс істеу деңгейіне қарай
«От шашу» əдісі бойынша бағалайды.










Сабақтың соңы (7 мин.)

Сабақты бекіту. Рефлексия

ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия (Ө) «Даналық ағашы» əдісі
Оқушылар арасынан бір жүргізуші сайланады. Жүргізушінің қолында қорап немесе сандықша болуы керек. Оқушылар бүгінгі сабақта өткен тақырып бойынша ашық сұрақтар құрастырып, жүргізушіге береді. Сұрақтар құрастырылып біткен соң, оқушылар сандықшадан кез келген сұрақты алып, дауыстап оқиды, толық жауап
беруге тырысады. Қойылған сұрақ пен берілген жауап бағаланады.




Саралау. Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап
отырсыз?

Денсаулықты жəне қауіпсіздік ережелерін сақтау.




«Диалог жəне қолдау көрсету»,
«Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін


нəтижені, оқушыға жеке қолдау

«Отшашу» əдісі.

Денсаулықты сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік ережелерінің тармақтары
орындалады.





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет