Сабақтың тақырыбы: Растрлық және векторлық графикалық редакторлар. Растрлық суреттерді құру және редакциялау



Дата04.12.2023
өлшемі133,97 Kb.
#134299
түріСабақ

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Компьютерлік графика

Педагогтың аты-жөні

Елубай Жұлдыз,Жамалахан Нурислам

Күні

16.11.2022ж

Сынып: 5

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Растрлық және векторлық графикалық редакторлар. Растрлық суреттерді құру және редакциялау.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.2.2.2 -растрлық кескіндерді жасау және өңдеу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Растрлық және графикалық редакторларының жұмыс істеу ерекшеліктерін біледі.

Көптеген оқушылар:

Paint.NET графикалық редакторында кесіндерді жасау барысында геометриялық фигураларды салу құралдарын қолданады.

Кейбір оқушылар:

Paint.NET , Photo Brush программаларының интерфейсінің жақсы жақтарына мысалдар келтіреді.



Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
8 мин

1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Жаңа тақырыпқа шолу.
Photo Brush векторлық графикалық редакторыPhoto Brush – бұл цифрлық фотосуреттерді өңдеу, сурет салу және қабылдау функциялары барPaint.NET растрлық графикалық редакторы
Paint.NET – Windows операциялық жүйесінде жұмыс істейтін
тегін қолданыстағы суреттер мен фотосуреттерге арналған нүктелік
кескіндердің графикалық редакторы. Редактор терезесі барлық графикалық редакторларға тән құралдармен жабдықталған (2-сурет).
Paint.NET графикалық редакторының жұмыс істеу ерекшеліктері ретінде төмендегілерді атауға болады:
• қарапайым және қолжетімді интерфейстің болуын;
• бір уақытта бірнеше суретпен жұмыс істей алуын;

1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
















Сабақтың ортасы
30 мин

Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Графикалық редактор-компьютерде графикалық кескіндерді, суреттер мен фотосуреттерді өңдеуге арналған программа.
Векторлық графикада суретті түзу және қисық сызықтардың көмегімен координаталар арқылы салады.
Растрлық графикада кескін торкөздерге пиксельдер арқылы салынады.
Қазіргі таңда растрлық және векторлық суреттерді салып өңдеуге арналған графикалық редактор көп. Растрлық және векторлық графикалық редакторлардың жұмысын түсіну үшін Paint.NET растрлық және Photo Brush векторлық графикалық редакторымен танысайық.
Көрсетілім. Paint.NET графикалық редакторының терезесі. Paint.NET графикалық редакторының жұмыс істеу ерекшеліктері.
Көрсетілім. Photo Brush векторлық графикалық редакторының терезесі. . Photo Brush векторлық графикалық редакторының жұмыс істеу ерекшеліктері

Растрлық суреттерді құру және редакциялау.


Растрлық суреттерді құру және өңдеуді үйрену үшін Paint.NET графикалық редакторында жұмыс істеу жолдарымен танысайық.

Көрсетілім.


Топтық жұмыс. «Талдау» әдісі.1-тапсырма.


Екі программаның терезелерін ашып, құрылысын салыстырыңдар. Олардың терезе құрылысында, құралдарының орналасуында қандай айырмашылық пен ұқсастықтың барын анықтаңдар. Қай программаның интерфейсі ұнады? Несімен ұнады? Дәлелді мысалдар келтіріндер.

Дескриптор:


-Paint.NET және Photo Brush терезелерінің құрылысын салыстырады;
-құралдарының орналасуында айырмашылық пен ұқсастықтың барын анықтайды;
-таңдаған программаның интерфейсінің жақсы жақтарына мысалдар келтіреді.

ҚБ: стикер / 6 балл/


Жеке жұмыс. 2-тапсырма.


Оқулық §2.2, 38-бет, «Практикада қолдану» тапсырмасы.

Дескриптор:


- Paint.NET графикалық редакторды іске қосады;
-геометриялық фигураларды салу құралдарын қолданады.

ҚБ: стикер /4балл/



Мұғалімді тыңдайды

1-тапсырманы орындайды


2-тапсырманы орындайды





Стикер
6 балл

Стикер
4 балл


Интербелсенді тақта/


Компьютер


https://bilimland.kz/r u/courses/informatik a-ru/7-klass/lesson/program my-po-sozdaniyu-i-obrabotke-rastrovoj-grafiki



Сабақтың соңы
7 мин

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс: «Ауа райы» әдісі
барлығын түсіндім
Бір нәрсе түсінемін, бірақ
бәрін емес
Түсінбедім, қайталап қарау қажет

Өзін-өзі бағалау.







Үй тапсырмасы

§ 2.1,2.2.
Геометриялық фигураларды пайдаланып, өз қиялындағы жаңа ою-өрнектің жобасын қағазға түсір.











Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет