Графикалық файлдар форматтары Веб-дизайнер, графиканы пайдалана отырып көптеген эффектілерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндағы құпия негізінен, бейненің қандай да бір текстура, элемент дизайны, сурет, мәтін блогы, логотип, диаграмма, пиктограмма, фотография және т.б. бола алуынан тұрады. Мұндағы жалғыз ғана талап, дизайнердің файлдардың форматтарының бірінде бейнені ең әлгілі браузерлермен көтеруі мүмкін болатын түрінде құру және сақтау қажеттігінен тұрады.
Растрлық форматтар WWW жүйесінде стандарттар ретінде негізінен екі формат – GIF және JPEG қабылданған. Тағы бір формат – PNG (Portable Network Graphics) – мүмкін болатын болашақта қосылатындығы туралы түсініктемелерді қарастыруға тұрарлық. Ол растрлық форматтар болып табылады. Мұнда бейнелер жеке нүктелермен – растрлармен суреттеледі. Экран үшін нүктелер пикселге эквивалентті.
Әрбір пикселмен сандық сипаттама байланысады, ол оның жалпы тақталық түсін (егер бейне ақ қара түсті болса) немесе түсті (түрлі түсті бейнелер үшін) суреттейді.
JPEG (JPG) Көп түсті және жартылай түсті бейнелер, алап қарастыратын болсақ фотографиялар негізінен JPEG форматында сақталады. Бұл атау негізінен жасап шығарушылар тобының аталуынан шыққан: Joint Photographic Experts Group – фотографиялар бойынша біріккен эксперттық топ.
JPEG – 16 миллион түсті көтере алады және олардың ашықтығын және фотографиялардағы жолақтарын сақтай алады. JPEG файлдарды мәліметтерді таңдамалы түрде бөліп тастау арқылы сығады, сондықтан JPEG сығу процесі жоғалымдар арқылы сығу деп аталады. JPEG әдіс суреттердегі ауытқуларды енгізе алады, әсіресе мәтінге ие немесе жұқа сызықтарға ие бейнелерді.
JPEG форматында сақтау кезінде сығу дәрежесінің анағұрлым жоғары мәніне қол жеткізуге, яғни СІҒ формарына қарағанда жоғары дәрежеде сығуға қол жеткізуге болады. Бірақ ол үшін елеулі мөлшерде ақы төлеу қажет болады. Күшті сығу картинаға жол берілмейтін ауытқуларды беруге дейін жетуі мүмкін. Файлдың әрбір сақталуы, тіпті сығу дәрежесі үлкен болмайтын болса да, картинаға өзіндік ауытқу үлесін қосуы мүмкін. Осы операцияны көп ретті қайталау бейненің елеулі шамада деградациялануына алып келуі мүмкін.
Фотографияларды барлық ақпараттарды сақтауға мүмкіндік беретін форматтарда өңджеңіз, атап айтатын болсақ– TIFF, BMP және т.б. Әруақта бейне түпнұсқасының көшірпмесін сақтауға әдеттеніңіз. Тек қана өңделуден шыққан бейненің бір жола жасалған нұсқасын ғана JPEG форматында сақтауды жүргізіңіз.
Сығу процесі жоғалулармен орын алатын болғандықтан, өте мұқият болу қажет. Атап айтатын болсақ бағдарлама Photoshop, мысалы, бейнені JPEG форматында сақтау кезінде бейненің сапа параметрлерінің мәндерін ұсынады. Әдетте ол нольден жүзге дейінгі аралықта түрленіп отырылады. Төменгі мәндері сығу кезінде JPEG формарында ақпараттар көп бөлігін алып тастайды, соның нәтижесінде кіші өлшемдерге ие файлдар алынады. Және ол керісінше де болуы мүмкін.
Мұндағы қулық негізінен парам етрлердің ең кіші мәндерінде көрінбейцтін немесе елеусіз ғана нашарлауға ие болған бейнені алу сапасының қамтамасыз етілуінде. Ең алдымен орташа мәндерден бастап және алынған нәтиижелерді мұқият бағалап отыру қажет. Егер кейбір нашарлауды байқап қалатын болсаңыз, параметр мәнін үлкейтуге әрекет етіңіз, ал егер олай болмаса – онда оны кішірейтуге тырысыңыз. Бейнені қарау кезінде келесі мезеттерге көңіл аударуыңыз қажет: бейнелер немесе бояу араларындағы анықтылық, бұрыштар арасындағы анықтылық, мысалы, мәтін айналасында немесе бейне бөлшектерінің контурлары, және оларды жалпы қабырғалық түстегі көріну айқындығы. Ол көпшілік жағдайда байқалатын болады, яғни «майланған» немесе сызық «қимылдап» тұрады.
GIF Түстердің аз санына ие, анық шекаралары бар немесе ұсақ бөлшектері бар, мысалы, мәтінге ие бейнелерді иллюстрациялау өзіміз жоғарыда айтып өткеніміздей GIF (Graphic Interchange Format) форматында сақталуы тиіс.
GIF – негізінен 256 түс пайдаланады және тұтас түрлі түсті облыстарды тиімді сығады, және мұнда бейненің бөлшектері жоғалусыз сақталады.. Формат GIF сонымен қатар анимацияланған суреттерді құру үшін де кеңінен пайдаланылады. Ол мөлдір облыстардан тұра алады.
Пейзаждың көп түстерге ие және түстерджің бір біріне өтуі өте баяу болатын суреттерде түс ойыны және қабырғалық көлеңкелі түстер болған кезде өзінің тартымдылығының көп бөлігін жоғалтады және сол форматта сақталу кезінде елеулі ауытқуларға ие болады. Және керісінше ол тетіктер, беттер навигациялық элементтері, диаграммалар, схемалар және іскерлік графиктер және т.б. үшін жақсы таңдау болуы да мүмкінг.
PNG Интернетте пайдалануға болатын растырлық форматтарға сонымен қатар PNG форматы да жатқызылады, бірақ ол кеңінен таралуға ие болған жоқ, және көптеген браузерлер үшін қажетті көтеретін шамада емес.