Сабақтың тақырыбы: Растрлік (bmp, jpeg,gif) векторлық (AI, cdr) форматтарды қолдану



бет7/14
Дата20.10.2023
өлшемі216,97 Kb.
#119912
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Векторлық форматтар
Бұл графикалық форматтар негізінен бейнелер туралы мәліметтерді сақтау үшін, яғни векторлық түрде ұсынылған көріністердегі мәліметтерді сақтау үшін, атап айтсақ: сызықтар, овалдар, тік бұрыштар, доғалар және т.б. сақтау үшін арналған. Осы форматтың артықшылықтарының бастыларының бірі болып, бейненің өлшемінің кез келген жағдайда өлшемінің өзгеруінде файл өлшемінің өзгермейтіндігі.
Қазіргі уақытқа дейін векторлық бейнелер негізінен веб – беттерде өте сирек кездесіп келді. Бұл жағдай Macromedia фирмасының Flash форматының қарқынды таралуымен өзгеріп кетті. Ол интернетте пайдалану үшін арнайы жасалған және гипермәтінді сілтемелерді, графикалар және анимацияларды сақтау үшін қабілетті болып табылады. Бұл Flash графикаларды қарап көру үшін арнайы бағдарламалық модуль қажет. Ол бағдарлама кіші көлемде сол форматты жасаған Macromedia фирмасымен таралады.
Векторлық формсаттың артықшылықтары мен кемшіліктері

  1. Экономикалылығы. Дискіде көп орынның қажеті жоқ, яғни бейнені сақтау үшін көп орын жұмсалмайды: ол негізінен суреттің зі емес, ал тек қана негізгі мәліметтер сақталатындығымен түсіндіріледі, яғни сол мәліметтерді пайдалана отырып бағдарлама әрқашанда да бейнені қайтадан құрып бере алады. Файл өлшемі бейненің өлшеміне мүлде байланысты емес. Одан басқа, түстік сипаттамаларды суртеу де өз кезегінде файл өлшемін аса өсіре қоймайды.

  2. Векторлық графикалар объектілері жай ғана трансформацияланады және ол бейнелеудің сапасына ешқандай да әсер тигізбейді.

  3. Векторлық графика негізінен кез келген шығару құрылғысының рұқсат ету қабілеттерінің мүмкіндіктерін максималды пайдаланады: бейне әруақта сол құрылғының қабілеті қаншалықты жоғары болған сайын сапасы да жоғары болады.

Кемшіліктері

  1. Бағдарламалық тәуелділік: әрбір бағдарлама өзінің меншікті форматында мәліметьтерді сақтайды, сондықтан бір векторлық реадакторда құрылған бейне қағида бойынша екінші бір бағдарламаның форматына қателіктерсіз конвертеле алмайды.

  2. Векторлық принциптің күрделілігі бейнелерді суреттеуде негізінен графикалық ақпараттарды енгізілуін автоматтандыруға мүмкіндік бермейді және растрлы графика үшін сканерге ұқсас құрылғыны конструкциялау қажет болады. Растрлық бейнелерді векторлық бейнелергне түрлендіре алатын бағдарламалар әлі жетілдірілмеген.

  3. Векторлық графика тек қана живопистік құрылғылармен шектеледі және нақты шынайы бейнелерді сомдау үшін арналмаған.


Метафайлдар
Метафайлдар растрлы және векторлық бейнелер туралы ақпараттарды және оларды көрнекілеу, яғни көзбен көрінетін түрге келтіру туралы командаларды сақтай алады. Интернетте мегафайлдарды пайдаланудың аздаған мысалдарының қатарында бірінші кезекте келесі PDF (Portable Document Format) атап көрсетуге болады, ол негізінен Adobe фирмасымен ұсынылған және белсенді әрекет етуде, сонымен қатар , Macromedia фирмасының Flash форматын да атап көрсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет