Сабақтың тақырыбы: Рефлексия туралы түсінік



Дата05.06.2022
өлшемі19,21 Kb.
#36368
түріСабақ
Байланысты:
1 дәріс Рефлексия туралы түсінік


Күні: 26.01.2022 ж.
Сабақтың тақырыбы: Рефлексия туралы түсінік
Рефлексия - адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі. Соңдықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер қатарына жатады. Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау.
Рефлексивтік іс-әрекет оқушыға өзіндік талдау кезінде ғана байқалатын өзіндік жеке дара ерекшеліктерін тануына мүмкіндік туғызады. Білімді саналы түрде өзіндік қорыту, яғни рефлексия нәтижесінде ғана жүзеге асады. Рефлексия нәтижесі дегеніміз – міндеттерді шешу тәсілдерін түсіну. Рефлексияның қай түрі болмасын мақсатпен тікелей байланысты.
Шығармашылық рефлексия – мақсатқа жету нәтижесі, қорытынды ғана емес, жаңа білім мен жаңа мақсаттарға бастама бола алады.
Сонымен, шығармашылық рефлексия – жекетұлғалық құндылық сапаларын қалыптастыруда және өзіндік даму бағытын айқындауда, оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруға бағытталған шығармашылық іс-әрекетте ішкі жан дүниесі ресурстары арқылы ой қорытуы.
Рефлексиялық танымдық дағдылар субъектілердің өзіндік басқару қабілеттерін дамытуға, өз әрекеттерінің (танымдық, білімдік, қарым-қатынастық) нәтижелі болуына, олардың өз жауапкершілігін арттыруға бағытталады. Оның мазмұны баланың өз іс-әрекеттерінің субъектісі ретіндегі өз көзқарасын қалыптастыру: өзіндік тұжырым жасай алу, өзін-өзі бағалау, өзіне сенім қалыптастыру арқылы өзіндік таным, өзіндік қажеттіліктерді айқындау, өз мүмкіндіктерін пайдалану әрекеттерінде жүзеге асырылады.
Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты: педагогикалық әрекеттің негізгі компонентерін есіне түсіріп, олардың мәнін, алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдей алу, қолданылған әдіс пен құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзіндік көзқарасын білдіру, орындалып өткен әрекеттің нәтижесін зерттеу. Тек сонда ғана алдағы жұмыстарда дұрыс мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен жылжудың жобасын жасау мүмкін болады.
Көрнекті ғалымдар Ш.А.Амонашвили, В.И. Загвязинский т.б. педагогикалық рефлексияны жаңаша ойлау стиліне жатқызады. В.А. Кан-Калик, А.В.Мурдик, т.б. маманның педагогикалық әрекетке дайындығының құрамына даралық, шығармашылық, авторлық ізденістер мен қатар жетілген педагогикалық рефлексияны да жатқызады. «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы»
Рефлексиялық мәдениеті қалыптасқан адам өзінің тұлғалық және кәсіби стереотиптерін шығармашылықпен өзгерте алады. Бұл - өзіндік сана, өзі-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі талдау, өзін-өзі іске қосу, өзін-өзі бағалау сияқты кәсіби мәнді сапалармен сипатталады.
Рефлексиялық қабілеті дамыған ұстаз өз оқушыларында осы сапаны дамытуды, дарытуды әсте есінен шығармайды. Қазіргі білімдік мақсаттарға сай білім алушыны рефлексия жасауға дағдыландыру мұғалімнің басты міндеттерінің бірі болғандықтан, ол-сабақтың да негізгі компоненттерінің бірі болуы тиіс. Сабақ барысында мұғалім де оқушылар да рефлексия жасауды үйренеді. Рефлексия деген өз жұмысына талдау жасау. Осы жерде ұлы данышпан Абай қарасөздерімен үндестікті көре аламыз. "Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! " деген, біз өзімізге есеп бере отырып, іштей кемшілігімізді мойындаймыз, ол кемшілітің кету себебін бірге іздейміз. Педагогикалық практикада қолдануға болатын мысалдар келтіре кетсек: бастауыш сынып оқушылары өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға беру, суреттер салу түрінде, ал орта және жоғарғы сынып оқушылары сабақтарда кестелер, диаграммалар, сауалнамалар толтыру, эссе жазу сияқты рефлексифті жұмыс түрлерімен айналыса алады.
Оқушыларды рефлексия жасауға үйретуде мәселенің психологиялық жағына мән беру тиімді. Мұғалімнің басты міндеті:
– оқушының өткізген күні немесе істеген жұмысы жайлы айтқысы, ойымен бөліскісі келетіндей психологиялық ахуал жасау. Әсіресе баланың өзі жасаған әрекеттеріне байланысты басынан өткен сезімдерін қайта оралта алуы, ол жайлы қағазға түсіруі немесе басқаша суреттеуі ерекше жағдайды талап етеді.
Сонымен рефлексия – көп қырлы, кіріккен әрекет. Алдағы жұмыстарда ондай кемшілікті жібермеуге тырысамыз. Рефлексияның тиімділігін атап көрсетер болсақ, оқушы үшін

  • Рефлексия – оқушыны өз – өзіне есеп беруге баулиды;

  • Рефлексия арқылы оқушының қажеттілігін біле аламыз;

  • Рефлексия арқылы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады

  • Рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға болады

  • Рефлексияның нәтижесінде сыни көзқарас қалыптасады

  • Өз – өзіне баға бере алады

  • Білім алуға деген қызығушылық жоғарылайды;

Мұғалім үшін:

  • Ақпаратпен күнделікті жұмыс;

  • Шығармашылыққа деген ынта-жігері ;

  • Әрбір оқушының пікіріне құлақ түру;

  • Пәндәк білім сапасының артуы;

  • Өзіндік сынның қалыптасуы;

  • Сыни ойлауға жтелеу;

Мұғалімнің кәсіптік даму бағдарламасына іздеу,зерттеу қызметінің мүмкінтіктері жатады. Педагогикалық қызметті талдау барысында теориялық білім алудың, диагностика мен өзіндік диагностиканы игерудің қажеттілігі туады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет