Қысқамерзімді жоспар Сабақтың тақырыбы: Романдағы салт дәстүр
Бөлім:
«Адам жанының құпиясы» бөлімі
Педагогтің аты-жөні:
Нурбекова М.Н.
Күні:
03.03.2023ж.
Сыныбы: 9Ә
Қатысушылар саны: 22 Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Романдағы салт дәстүр
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Білім алушылар шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға бере алады.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі:Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
Сабаққа кіріспе
«Құпия хат» әр түрлі фигуралар тізбегі оқушыларға таратылады.
Фигура артында сұрақ жасырылады. Өткен таұырыптарға шолу.
Кез- келген оқушы шығып, фигураның біреуін алып, сұрақтарға жауап береді.
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
Қима қағаздар
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
Салт дәстүрлерді түсіндірлерді атайды.
Мысалы: Аялдасаң қазір аттан, Артықбайға құда түсіп қайтты.Содан кейін өзінің Есеней жіберген елшілігін «қызды айттырғалы» келгенін айтты. Мәтіндегі құда түсу, қыз айттыру сынды фразалар ертеден және қазір де жалғасып келе жатқан, жарасымды дәстүрлердің бірі. Жігіттің әкесі не жақын туыстары қызы бар үйге құда түсетін болған. Яғни бойжеткен қызын сұраған. Құдалар құрметке лайық сыйлы адам деп саналған. Қыз әкесі келісім берген соң құдалықтың жөн-жоралғылары жасалған. Оның түрі өте көп. Құда түсудің құда аттанар, құда тартар, ат-байлар, құйрық-бауыр т.б. ырымдар мен кәделер алымдары болады. Құдалықты басқарып барған адам «бас құда» деп аталады. Тұрмыс құратын қыз бен жігіттің әкелері бір-біріне «бауыздау құда» болады.
Сал дәстүрлердің мағынасын ашады. Дәптерге жазады.
Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау»әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар».