Сабақтың тақырыбы: С. Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар»



бет2/3
Дата08.06.2023
өлшемі94,75 Kb.
#99821
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
ҚМЖ 4 сабақ

Эссе тобының тапсырмасы

Комедиялық туындыдағы қазіргі заман талабына сай заманына қарай амалын табар пенделерді, ел өмірін, бүгінгі қоғам мәселесіне өзіндік көзқарас таныта отырып, «Жағымпаздықтың қыры мен сыры» тақырыбында эссе жазыңыздар.

  • Шығарма тобының тапсырмасы

Комедиялық туындыда көтерілген жағымпаздықтың, екіжүзділіктің көзге көлгірсу, бетке жылтырау, аяқ-қолын жерге тигізбей мақтау мәселесіне өзіндік көзқарас таныта отырып, «Заманың түлкі болса, тазы болып шал» тақырыбында шығарма жазыңыздар.

  • Өлең тобының тапсырмасы

Автор бірінші көріністегі:
«Жасасын жақсы ағалар!
Асыл ағалар жасасын!
Жасасын қамқор ағалар,
Бастық ағалар жасасын!» деген тұсынан немесе үшінші көріністегі Қошқарбайдың: «Жасасын Мэлис Әлібаевич! Мэлис Әлібаевич жасасын! Жасасын асыл ағаларымыз! Ұлы ағаларымыз жасасын!» деген мәселеге көзқарас таныта отырып, «Жағымпаздық - бұл заманда басты өнер» тақырыбында өлең жазыңыздар.

  • Әңгіме тобының тапсырмасы

Комедиялық туындыдағы жазылып жастық, иіліп төсек болу сынды жағымпаздықтың түрлі үлгісіне өзіндік көзқарас таныта отырып, жағымпаздық пен парақорлықтан арылған мекеннің оқиғасын сюжеттік әңгімеге желісі арқылы жеткізіңіздер.
Дескрипторларға сай топтық бағалау жүргізіледі:

  • көтерілген мәселені анықтайды;

  • өзіндік пікір, көзқарасын білдіреді;

  • эссе, әңгіме, өлең, шығарма жаза алады;

  • құрылымдық және стильдік ерекшелікті ескереді.

Тапсырма №3. «Серпілген сауал» әдісі арқылы шығармада көтерілген мәселелерді талқылауға бағытталған өзара сауалдармен алмасады.
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау жүргізіледі.
Сабақ бойынша кері байланыс алынады







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет