Дескрипторы: Позия мен прозаның айырмашшылығын біледі;
жанр туралы түсінік қалыптасады.
ҚБ. 2 ұпай
3- топ. «Хикаят картасы» әдісі Шығармаға Сюжеттік талдау жасау.
Басталуы:
Байланысы:
Шиеленісуі:
Шарықтау шегі:
Шешімі:
дескрипторы: Шығарма мазмұнын біледі;
Сюжетін анықтайды.
СЖ. «Сен маған, мен саған» әдісі. Оқушылар бір біріне сұрақтар қояды.
Әңгімелеуші кейіпкер хикаятты Аянға деген сағынышымен аяқтайды. Аянның прототипі Науқан Керімов қазіргі кезде Ескелді ауданында Ақын Сара ауылында тұрады. 1937 жылы дүниеге келген. Еңбек ардагері, құрметті зейнеткер. Отбасында он бес бала бар. Өмірлік қосағы Тыматай апа. Кезінде ауыл балаларын ертегілерімен тамсандырған Науқан бүгінде өз немерелеріне ертегі айтып, сүйікті ата атанып отыр.
4 ұпай
2 ұпай
Соңы
Кері байланыс: “МЕНІҢ ОЛЖАМ немесе ӘТТЕГЕН-АЙ!” Бұгінгі сабақтың мақсатына жету үшін тапсырмалар орындадық. Барлық мәлімет түсінікті болды ма? Қандай қателіктер жібердің?
Үйге: 109- бет. 3- тапсырма.
− Әй, анау кім-ей? - деген. Бәріміз сол нұсқаған жаққа қарадық. Анадай жерде: шолақ жең ақ жейде, тізеден жоғары қысқа қара шалбар киген, кекіл шашы бар, мұнтаздай таза бір бала тұр екен. Біз қараған кезде ол өзінше әлдеқандай боп кейкиіп, екі қолын қалтасына сап шіреніп қойды. Ойынды тастай сала бәріміз бірдей топырлай жүгіріп әлгінің қасына келдік. Адам көрмегендей бір-бірімізді кимелеп, қоршалай, тұра қалдық. Үстіміздегі киімнің кімдікі қара, кімдікі ақ екенін біліп болмайды, баттасқан шаң-топырақ. Шетімізден ит талағанда алым-жұлым, алқа-салқамыз. «Бұл кім-ей? Қайдан келген-ей» деп бірімізді біріміз түртпектей береміз.
Бізді Иманжанов деген шашы аппақ қудай, қолы-басы тоңған адамша дірілдей қалшылдап, көзі қып-қызыл боп жасаурап отыратын қарт кісі оқытты. Бұл кісі -денсаулығының нашарлауы себепті қаладан көшіп келген мұғалім екен. Бізге күн сайын үйінен әкелген қағазды бір-бір парақтан үлестіріп беріп, әріптерді үйрете бастады. Аян екеуміз бір партаға отырғанбыз. Бірінші күннен-ақ ол зеректігімен көзге түсті. Мұғалімнің тақтаға жазған әріптерін айна-қатесіз қағазға түсіріп, тез жаттап алып жүрді.
Сырғанақты тастай бере дәл бірдеңеден құр қалатындай бәріміз бірдей дүрліге дүркіресіп, Аянның үйіне қарай лап қойдық. Артымыз жетпей жатып, алдымыз не боп қалғанын естіп те үлгердік. «Аянның әжесі өліп қапты»,- деген сыбырды алқына тұрып сүйінші сұрағандай бірімізге-біріміз жеткіздік. Жарғақ сары тон киген Аян, күлімдеп тұратын қара көзі шарасынан шыға жаутаңдап, өңі боп-боз есігінің алдында тұр екен.
− Ертеде бір жетім бала бопты...- деп ертегісін бастады. Сол күні оның ертегісі түннің жарымында бір-ақ аяқталды. Әуелде тұнжыраған күймен жабырқау басталса да, келе-келе ертегінің күлкілі оқиғасы көбейіп, Аян да бауырын жазып, бәріміз көңілді күлкіге батып қарық боп қалдық. Тіпті Аянның әжесінің өлгенін де ұмытып кетіппіз. Сықылықтап күлісіп мәз-мейрам боп: − Ей, тағы да айтшы. − Тағы да айтшы...- деп жан-жақтан шулап қоя бердік.
Сол күні Аян әжесінің тумаласы Бапай деген шалдың үйіне көшті. Біз көшеде сырғанақ тебуге кіріскенбіз. Дәл осы кезде, азын-аулақ көрпе-жастық тиелген шананы Бапай айдап, Аян езі қоңыр сиырын бұйдасынан жетелеп көшенің басындағы шалдың үйіне көшіп бара жатты. Қоңыр сиыр үйренген қорасынан шыққысы келмей тартыншақтай бастаған, біз бір топ бала шуылдаса қаумалап артынан айдадық. Қоңыр сиыр көзі шарасынан шыға шатынап, танауын пысылдатып басын шайқап-шайқап, Аянды сүзіп жіберердей боп алға қарай оқтана жүрді.
-Аян, балалар үйіне кеткелі жатыр.Ал кемпір келіп , аянның бетінен сүйді, көзіне жас алды.
-қарағым, жолың болсын деді жыламсырап. Аян балалармен қол алысып қоштасты.