Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
Мұғалім оқушыларды Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
Үй тапсырмасы
С.Торайғыров «Алаш ұраны» өлеңін жаттау
Бекітемін:___________
Мектеп директоры оқу ісі жөніндегі орынбасары Л.М.Шетеева
Бөлім:
3-бөлім: Кәсіп және еңбек. Болашақ мамандықтар
Педагогтің аты-жөні:
Байканова С.О.
Күні:
14.03.2023 ж
Сыныбы: 8 Қазақ тілі
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Тоқсандық жиынтық бағалау
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
8.1.2.1 әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдау;
8.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу;
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру..
ТЖБ 8-сынып
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
2-мәтін
Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы
Қазақстан минералдық ресурстарға бай. Қазақстан дүниежүзі елінің ішінде вольфрам, қорғасын, барийдің және басқа да пайдалы қазба байлықтарының қоры бойынша алдыңғы қатарларда.
Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бірі, уран мен марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.
Енді энергетика өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін қарастыратын болсақ, оның зиянды әсері отынды жер қойнауынан шығарғаннан бастап, электр энергиясына айналдырған және тұтынушыларға берген кезеңдердің бәрінде орын алады екен.
Ластаушы компоненттердің түрі мен мөлшері қолданылған отынның табиғатына, химиялық құрамына және жағу технологиясына байланысты.
Қатты отынды жаққанда күл, ыс, күкірт пен көміртек оксидтері, шаң бөлінеді. Сұйық отынды (мұнай мен оның өнделген өнімдерін) қолданғанда, ауаға күкірт пен көміртектің қосылыстары бөлінеді. Ал газды (отынды табиғи мен сұйытылған газ) жаққанда, қоршаған орта тек азот оксидімен ластанады. Отынның химиялық құрамында қандай элементтердің қосылыстары болса, жаққанда солардың оксидтері мен басқа да қосылыстары қоршаған ортаға таралады. Отын жаққанда табиғи ортаның ластануын азайту үшін шаң-газ ұстайтын қондырғыларды (сүзгіштерді) қолданған орынды. Осындай қондырғылар зиянды заттарды ауаға жібермеуге мүмкіндік туғызады.
Оқылым
Тапсырма Мәтінді оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [10] Жасөспірімдер және қылмыс
І. Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау – бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін мәселе. Әрбір құқықбұзушылық пен қылмыс – отбасы үшін орны толмас қайғылы оқиға. Қылмыстың нәтижесі біреуді өлімге, енді бірін мүгедектікке апарса, біреу өз өмірінің болашағына балта шауып, темір тордың ар жағында қалады. Қалай десек те, құқықбұзушылық жақсылыққа апармайтынын естен шығармайық.
ІІ. Жалпы, жастардың және жасөспірімдердің қылмыс жасау мәселесі құқық қорғау жүйесінің ғана емес, сонымен қатар отбасының, барша мемлекеттік ұйымдардың үнемі қадағалауын талап етеді. Жастар арасындағы қылмыс қашан да ұлт тұтастығы мен ел болашағына қауіп төндіріп, қоғамымыздың ары қарай дамып өркендеуіне кері әсерін тигізетіні анық.
ІІІ. Жаңадан өркендеп келе жатқан ұрпақтың қылмыстың бұралаң жолдарын таңдауы – дәуір қасіреті. Бүгінде түрмеде отырған азаматтардың 70 пайызы жас адамдар. Жасөспірімдер қылмысы мен тәртіпсіздігі неден бастау алады? Қоғам желіктіріп тұр ма, жоқ, әлде тәрбие таяз ба? Сотталған жас азаматтардың көбеюі қоғам өмірінің келеңсіз жақтарын, халықтың әлеуметтік ахуалының төмен екенін байқатады.
ІV. Астана қалалық сотының мәліметінше, соңғы жарты жылда кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен елордада 43 қылмыстық іс қозғалыпты. Қылмыстық жауапкершілікке қылмысты жасау кезінде жасы 16-ға толған азаматтар тартылатындығы белгілі. Алайда адам өлтіру, қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, адамды ұрлау және т.с.с. ауыр қылмыс жасаған тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
1. Мәтін мазмұнына қай ақпарат сәйкес? (1, 2-абзац) [1]
1. Бүгінгі таңда жастар қылмысы өзекті мәселе.
2. Жастардың құқық бұзуы тек заңгерлердің мәселесі.
A) екеуі де бұрыс
B) екеуі де дұрыс
C) тек біріншісі
D) тек екіншісі
2. Жасөспірімнің заң бұзуының бүкіл ұлттың дамуына әсері туралы қай абзацта айтылған? [1]
A) І
B) ІІ
C) ІІІ
D) ІV
3. Көптеген жастардың заңға тартылуы ненің белгісі? (3-абзац) [1]
A) Адамдар тұрмысының нашар болуының
B) Бала тәрбиесінің жеткіліксіз екендігінің
C) Заң қызметкерлерінің әділетсіздігінің
D) Көше тәрбиесінің кері әсерінің
4. Мәтіндегі «Жаңадан өркендеп келе жатқан ұрпақтың қылмыстың бұралаң жолдарын таңдауы – дәуір қасіреті» дегенді сіз қалай түсінесіз? Неге? [2]
5. Автор не үшін мәтіннің соңғы бөлімінде жасөспірімнің қылмыстық жас ерекшелігін мысалға келтіреді? Мәтінге сүйене отырып, дәлел келтіріңіз. [2]
6. Мәтін мазмұны бойынша перифразалау арқылы 3 сұрақ құрастырыңыз. [3]
Жазылым
Тапсырма Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер және айқындауыш мүшелерді қолдана отырып, жазылым жұмысын жазыңыз.
Графиктік мәтінде еліміздегі жастар арасында жасалған қылмыс көрсеткіші берілген. Берілген жылдардағы қылмыстық көрсеткіштерді салыстырыңыз.
Берілген мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін – аннотация жазыңыз.
Адам баласы жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтерді, ғылыми-фактілерді саралап келіп, ендігі жерде оларды қорғау қажеттігі туралы тоқтамға келді. Кейбір өркениетті елдерде жануарларды, өсімдіктерді, ормандарды, өзен-көлдерді қорғау туралы мемлекет деңгейінде құжаттар қабылдана бастады.
Осындай шаралардың бірі Халықаралық табиғат қорғау ұйымы (ХТҚҰ) еді. Ол 1948 жылы құрылды. Ұйымның мақсаты – дүниежүзіндегі сиреп немесе құрып бара жатқан аң мен құстарды және өсімдіктердің «Қызыл кітабын» ұйымдастыру болатын. Оған дейін халықаралық «Қара кітаптың» тізімі жасалды. Оған жер бетінен біржола құрып кеткен аңдар мен құстар енгізілді.
«Қызыл кітап» туралы пікірді ағылшын табиғат зерттеушісі Питер Скотт айтқан болатын. 1963 жылы халықаралық «Қызыл кітаптың» алғашқы басылымы, одан соң 1966-1975 жылдар аралығында 5 томы жарық көрді. Қызыл кітапқа сүтқоректілердің 236 түрі, құстардың 287 түрі, қосмекенділердің 36 және бауырымен жорғалаушылардың 119 түрі, балықтар мен жоғары сатыдағы өсімдіктердің тізімдері кірді.
1978 жылы КСРО-ның «Қызыл кітабы» шықты. Қазақ КСР-ның алғашқы «Қызыл кітабының» жануарларға арналған бөлігі 1978 жылы, ал 1981 жылы өсімдіктерге арналған бөлігі жарық көрді. Қазақстанның «Қызыл кітабы» содан бері 1991 және 1996 жылдары өңделіп, қайта басылып, көпшілікке ұсынылды.(10)
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
Үй тапсырмасы :Қайталау
Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!
Жақсы!
Талпын!
Үй тапсырмасы
Қайталау
Бекітемін:___________
Мектеп директоры оқу ісі жөніндегі орынбасары Л.М.Шетеева