«Мəтінмен диалог» стратегиясы.
Оқушылар мəтінді оқып шығады. Таңбамен (əріппен) белгіленген төрт түрлі тапсырманың біреуін немесе екеуін орындайды. Бұл тапсырмаларды мəтінді оқу барысында орындап отыру қажет:
С – мəтінге сұрақ қою;
Ж – қойылған сұраққа жауап беру;
Е – болашаққа ойша көз тастау, ары қарай қалай болатынын, оқиғалар қалай дамитынын елестету;
Т – өзіңді тексеру, жауабыңды мəтінмен салыстыру немесе болашаққа жасалған болжамыңды мəтінде жасалған болжаммен салыстыру.
МЕНІҢ ЖАСАНДЫ ОРТАДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІГІМ
Адамның қолымен жасалған жасанды орта дегеніміз тек баспана ғана емес. Оның құрамдас бөліктері ретінде елді мекендерді, тұрғын үйлерді, жолдарды, көлік құралдарын, техникалар мен басқа да көптеген дүниелерді айтуға болады. Осылардың бәрін адам өзінің өмірін жақсарту үшін жасады.Алайда бұл ортада саналуан қауіп-қатерлер де кездеседі. Солардан өзіңді қалай сақтандыруың керек?
Көшеге шыққанда біз не жаяу жүргінші, не велосипед тебуші, не көліктегі жолаушы боламыз. Міне солардың бәрінде қауіпсіздік ережесін есіңнен шығармауың қажет. Сенің үйіңнің айналасында да қауіпті жағдайлар болуы мүмкін, сондықтан оны да ескере жүр:
– құрылыс алаңында немесе трансформатор күркесінің жанында ойнамау;
– саябаққа немесе орманды жерге жалғыз бармау.
Қауіпсіздікті сақтаудың басты ережелерін есіңде сақта:
– қауіпті алдын ала сезу;
– мүмкіндігінше одан алшақ болу;
– қажет болған жағдайда ғана әрекет ету.
Дескрипторы:
• өзінің жасанды ортадағы қауіпсіздігін жоспарлайды.
(Ұ)(Қ)«Сауалнама» құрастыр.
Оқушылар сауалнама сұрақтарын құрастырады.Бір –бірінен сауалнама алады.
(Г)Кері байланыс. «Шеңбердегі доп»
Оқушылар дөңгелене отырып, бір-біріне доп лақтырады. Доп қолына тиген бала сабақ жайлы бір сөз айтады
|
Берілген сұраққа жауап беріп, тапсырмаларды талапқа сай орындайды.
Белсенді оқу тапсырмалары
Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау
|
Форматив
ті бағалау.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
|
Оқылым, жазылым тапсырмалары.
|