«Мен де үйрендім!» стратегиясы. Осы сабақта нені үйрендік? Кім нені үйренгенін айтып шықсын. Егер басқа балалар да соны үйренген болса, «Мен де үйрендім» деп айтып отырсын. Жұмыстарыңа баға беріңдер. Көпшілігі жұлдызшаны таңдапты! Осы кішкентай жұлдыз сендерге тарих əлемінде жол көрсететін жарық жұлдыз болсын!
Оқулықтағы қосымша тапсырмалар.
ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау
Топтық тапсырмалар.
Кері байланыс
(ҚБ) “Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі.
Рефлексия (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
Оқушылар «Тазалық» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты.
Біз жасанды ортада өмір сүреміз. Бұл – адамның қолымен жасалған және табиғат тәрізді өз бетінше жеке тіршілік ете алмайтын қоршаған ортаның бір бөлігі. Адам баласының өз қажеті үшін жасаған дүниелерінің бәрі жасанды ортаға жатады. Жер үйде немесе пәтерде өрт шығуы, газ таралуы, су құбырының жарылуы мүмкін. Егер пәтерде бір нәрсе жана бастаса, отты жылдам сөндіруге тырысу керек. Ол үшін ең дұрысы жанған нәрсенің үстін көрпемен жаба салу. Ауа болмаса от жылдам сөнеді. Ал егер от жалыны өрши бастаса, 101 телефонына хабарласып өрт сөндірушілерді шақыру қажет. Содан соң үйдегі адамдар жылдам сыртқа шығуы тиіс. Егер пәтерден газдың иісі шықса, терезелерді ашып үйдегі ауаны алмастыр. Содан кейін газ плитасының бұрандасы жабық болуын тексер және құбырдағы кранды бұрау арқылы газды тоқтат. Газдың иісі шыққан кезде сіріңке жақпа және электр жарығын қоспа. Үй ішіне таралған газ сіріңке жаққанда немесе электр ұшқынынан жарылуы ықтимал. Егер газдың иісі кетпей қойса, 104 нөмірі арқылы газ қызметінің диспетчерімен хабарлас. Бірінші суық су мен ыстық су келетін тетікті жабамыз. Егер құбыр жарылып, жабу мүмкін болмаған жағдайда ата-аналарыңа хабар беріңдер. Немесе 112 нөміріне қоңырау шалып көмек сұра. Көршілерге де хабарласуға болады.
Дескрипторы:
• зерттеу негізінде өз өңірінде табиғи апаттар туындау ықтималдығын болжайды;