Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.
Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды.
ҚБ: От шашу арқылы бір-бірін бағалау.
Психологиялық ахуал.
Алдыңғы білімді еске түсірутапсырмалары.
Ортасы
Жанартаулардың атқылауы мен цунамиды айтпағанда, біздің елімізде де әртүрлі табиғат апаттары болып тұрады. Кей облыстарда құрғақшылық, қатты аяздар, су тасқыны, шаңды дауылдар, аптап ыстықтар және даладағы өрт тәрізді оқиғалар оқтын-оқтын орын алады. Таулы аумақтарда жер сілкінісі мен сел тасқыны болуы ықтимал. Бабаларымыз «Қамданған қапы қалмайды» деп бекерге айтпаған. Бұл қанатты сөзді біз бала кезімізден білеміз. Көптeген табиғат апаттарын алдын ала болжап, күні бұрын дайын- далуға болады. Біздің еліміздегі табиғи катаклизмдердің көпшілігі табиғи жағдайларға байланысты. Алайда бұл мәселеде адамның іс-әрекеті де үлкен рөл атқарады.
Дескрипторы:
• зерттеу негізінде өз өңірінде табиғи апаттар туындау ықтималдығын болжайды;