Сабақтың тақырыбы Сағат саны І тарау Көп таңбалы сандардың құпиясы 1



бет10/20
Дата31.01.2023
өлшемі0,66 Mb.
#63961
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
4-сынып ФАКУЛЬТАТИВ

Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларға бірінен-брі қарама – қарсы екі бағытқа есептерді шығаруға үйрету және түсіндіру.
2) Оқушылардың ой-өрісін дамыту. Есептеу қабілеттерін арттыру, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.
3) Білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді менгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, топтастыру, түсіндіру. ішіне-сыртына
Сабақтың көрнекі құралдары: қима-қағаздар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ Үй жұмыстарын тексеру
Оқушылардың құрастырған теңдеулерін тексеру
ІІІ Жаңа сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
V1 V2
V1 V2

әр түрлі пункттен


Бір пункттен екі жақ бағытқа екі велосипедші шықты делік. Біріншісі 10 км/сағ,екіншісі 12 км/сағ жылдамдықпен қозғалды. Бір сағаттан кейін олардың арақашықтығы 22 км болды.
Уақыт бірлігіне нысандардың бірінен-бірі қашықтау арақашықтығы алыстау жылдамдығы деп аталады.
Алыстау жылдамдығы қрама –қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептерде жылдамдықтардың қосындысына тең.
Vқашықт.=V1 +V2
1.Есеп
Бір әужайдан бір мезгілде екі бағытқа 2 ұшақ ұшып шықты. Бірінші ұшақтың жылдамдығы 600 км/сағ, ал екіншісінің жылдамдығы 150 км/ сағ кем. 2 сағаттан кейін олардың арақашықтығы қандай болды?
V2=? Км/сағ
V1 = 600км/сағ 150 км/сағ

?км t= 2 сағ


Бұл есепті екі тәсілмен шығаруға болады.
Шешуі:
1 тәсіл
1)600-150=450 (км/сағ)-екінші ұшақтың жылдамдығы;
2)600+450=1050 (км/сағ)-алыстау жылдамдығы;
3)1050∙2=2100 (км)
2 Тәсіл
1)600-150=450 (км/сағ)-екінші ұшақтың жылдамдығы;
2)600∙2=1200 (км) – бірінші ұшақ 2 сағатта ұшып өтті
3)450∙2=900 (км)- екінші ұшақ 2 сағатта ұшып өтті;
4)1200+900=2100 (км)
Жауабы: екі сағаттан кейін ұшақтардың арасы 2100 км болды.
2.Есепті шығар
Айлақтан таңғы сағат 10-да байдарка ағыс бойымен 6 км/сағ жылдамдықпен, ал катер сағат 12-де ағысқа қарсы жүзді. Егер осы уақытта байдарк
а мен катердің арақашықтығы 124 км болып, 4 сағат жолда болған болса, катердің жылдамдығы қандай?
Шешуі
1.12-10=2 сағ қозғалыс басталған кездегі айырма;
2.4+2=6 сағ – байдарканың жүріп өткен жолы;
3.6·6=36 км – байдарканың жүріп өткен жолы;
4.124-36=88 км- катердің жүріп өткен жолы;
5.88:2=22 км/сағ
Жауабы: катердің жылдамдығы 22 км/сағ.
5.Он нүктені бі-бірін кесіп өтпейтін төрт түзу сызықпен қос. Екі түзу сызық белгілі шамадан шығуы мүмкін.

Шешуі:








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет