Сабақтың тақырыбы Сағат саны І тарау Көп таңбалы сандардың құпиясы 1



бет14/20
Дата31.01.2023
өлшемі0,66 Mb.
#63961
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Байланысты:
4-сынып ФАКУЛЬТАТИВ

Тапсырмаларды орындау
Бағалау
Рефлексия
26сабақ


Сабақтың тақырыбы: Фигуралардың көлемін табу
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларға фигуралардың көлемін табуға үйрету.
2) Оқушылардың ой-өрісін дамыту. Есептеу қабілеттерін арттыру, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.
3) Білімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ -жауап, топтастыру , түсіндіру.
Сабақтың көрнекі құралдары:қима-қағаздар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
1.Есеп
Сынып бөлмесінің ұзындығы 5м, ені 3м биіктігі 2м 50см. Сынып бөлмесінде қандай ауа көлемі бар?
*Былай талда. Бөлеме тік бұрышты параллелепипед пішінді болғандықтан, көлемді есептеу формуласын падалануға болады..Көлемді есептеу формуласы::
V=a·b·c
a=5м=500см
b=3м=300см
c=2м50см=250см
V=см³
500·300·250=150000·250=375 000 000 см³
375 000 000 см³=37м³500дм³
Жауабы: Бөлменің көлемі 37м³500дм
2.Есеп
Тік төртбұрышты параллелепипедтің көлемі 366дм³.Табанының ауданы 61 дм²-ге тең.Тік төртбұрышты параллелепипедтің биіктігі нешеге тең?
V=366дм³
S=61см²
c=?дм
Былай талда. V=a·b·c, бірақ а·b=S,демек,
V=a·b·c=S·с V=S·с, бұдан с=V:S
Шешуі:366:61=6(дм) биіктігі
3.Есеп
Тік бұрышты параллелепипедтің ұзындығы 12 см, ені ұзындығынан 2 есе кем, ал биіктігі енінен 3 см артық.Тік төртбұрышты параллелепипедтің көлемін есепте.
a=12см
b=?см,2есе кем
c=?см, 3см артық
V=?см³
Шешуі:
1.12:2=6(см)-параллелепипедтің ені;
2.6+3=9 (см)- параллелепипедтің биіктігі;
3.12·6·9=648см³ V
4.Бірдей әріптен басталып және аяқталатын екі сөзден ойлап жаз.Сөздердегі әріптер саны әртүрлі болуы мүмкін.
а_____________________а з___________________з
е_____________________е к___________________к
с____________________с т______________________т
у____________________у і______________________і
Шешуі:
Ата,Астана.Ерте,ереже.Сөгіс, сөйлес.Улау,уағыздау.Зілсіз,зейінсіз.Керік,кекілік.Тат,төрт.Іні,ізетті.
6.Тез есептеп үйрен:
(101·37+1263):25·5-1000
(4939-4939)·247:247+1800-1000-800


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет