Алмастыру (метонимия) деп бір-бірімен өзара, іштен байланысты екі құбылыстың, бұйымның, нәрсенің атын бірінің орнына бірін ауыстырып қойып жұмсауды айтамыз.Мысалы:Үйі мәз боп, қой сойды... Гипербола – күшейту деген мағынаны білдіреді. Гипербола қиял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі. Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін айтады. Мысалы: ...Жоғарғы ерні көк тіреп, төменгі ерні жер тіреп; айшылық алыс жерлерді бір күнде өтіп жеткен... Литота немесе кішірейту — заттың не құбылыстың қасиетін кішірейте суреттейтін көркемдік құрал. Батырлар жырларында, өтірік өлеңдерде литота жиі қолданылған. Мысалы, "От орнындай тұяқтан, оймақтайы қалыпты" ("Ер Тарғын").
1-тапсырма: Әр топқа кітаптан шығарма бөлімдері беріледі, соны оқып, талдап, көркемдегіш құралдарды іздейді.
2-тапсырма. «Сәйкестендіру» әдісібойынша шығармадағы көркем ауыстыруларды (метафора, кейіптеу, гипербола, градация) сәйкестендіру кестесі арқылы анықтаңыз.
Күннің көзі қанталағандай боп ерекше қызарып ұясына қонуға таянған. Түнде қотыр тайға қанат бітіп, асқар таудан ұшып өтеді... Батырлар сілтеген көк семсер – қару біткеннің құдайы Түнерген аспан, ат қораның іргесінен әрі қарай үңірейіп жатқан қорқынышты терең құз «Жақсыдан қалған тұяқ ең» - деді Аянға Бапайдың кемпірі Дескриптор:
Шығармадан алынған сөйлемдерді оқиды;
Сөйлемдерде қолданылған көркем ауыстыруларды табады.
«Сәйкестендіру» әдісі
Күннің көзі қанталағандай боп ерекше қызарып ұясына қонуға таянған.
метафора
Түнде қотыр тайға қанат бітіп, асқар таудан ұшып өтеді...
кейіптеу
Батырлар сілтеген көк семсер – қару біткеннің құдайы
гипербола
Түнерген аспан, ат
қораның іргесінен әрі
қарай үңірейіп жатқан
қорқынышты терең құз
метонимия
«Жақсыдан қалған тұяқ ең» - деді Аянға
Бапайдың кемпірі