Жарайсыңдар балалар! Әрқашан Отанымызды сүйіп,қорғай білетін үлкен азамат болып өсіңдер!
Сабағымыз аяқталды.
Тәрбиеші нұсқауымен балалар сандарға бірігіп тұрып қалады.
Музыкамен баяу дөңгелене қозғалады.
Санамақ айту Музыкамен айту.
Бір дегенім бесік
Шықтың содан өсіп,
Екі дегенім-елім,
Далам,тауым,көгім.
Үш дегенім-Үміи,
Үміт артар жігіт.
Төрт дегенім төзім,
Төзе білем өзім.
Бес дегенім бақыт,
Бағалайтын уақыт.
Алты дегенім ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
Жеті деген жалау,
Жүректегі алау.
Сегіз-деген сөзің
Серт беретін кезің.
Тоғыз деген тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
Он дегенім Отан,
Қорға оны ботам!