Сәлеметсіздерме!
Бүгін, Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу тақырыбын қарастырамыз
Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз: -бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесінің шешімі. -бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесіне арналған есептерді шешу.
Үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақты бекіту сұрақтары.
1.Санды теңсіздік дегеніміз не?
2. Координаталық түзуде үлкен сан кіші санның қай жағында кескінделеді?
3. Санды теңсіздіктің бір жақ бөлігін оның екінші жақ бөлігіне орын ауыстырғанда теңсіздік белгісі қалай өзгереді?
4. Қандай теңсіздіктерді мүшелеп қосуға болады?
5. Қандай теңсіздіктерді мүшелеп алуға болады?
Амандасады, үй тапсырмасына жауап береді.
Сұрақтарға жауап береді
Оқулық
10 мин
Жаңа сабақты бекіту.
Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесінің шешімі дегеніміз – жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысын тура теңсіздікке айналдыратын айнымалының мәндері.
Жүйедегі теңсіздіктердің барлығына ортақ шешімдер жиыны жүйенің шешімдеріболады.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктердің шешімдерін табу үшін:
жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысының шешімдерін табу керек;
табылған шешімдерді бір координаталық түзуде кескіндеу керек;
координаталық түзуден жүйедегі теңсіздіктердің ортақ шешімдерін табу керек немесе бірде бір шешімі болмайтынын дәлелдеу керек.