6.3.1.5 центрлік симметрия ұғымдарын меңгеру;
6.3.1.6 осьтік немесе центрлік симметриясы болатын фигуралар туралы түсінігі болуы; симметриялық және центрлік-симметриялы фигураларды ажырату;
6.3.2.5 тік бұрышты координаталар жүйесінде координаталар басы және координаталық осьтерге қатысты симметриялы нүктелер мен фигураларды салу;
Бағалау критериі:
центрлік симметрия ұғымдарын меңгеру;
осьтік немесе центрлік симметриясы болатын фигуралар туралы түсінігі болуы; симметриялық және центрлік-симметриялы фигураларды ажырату;
Сабақтың барысы:
Уақыты
Кезең дері
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
5 минут
Ұйым
дастыру
Сәлеметсіздерме!
Бүгін, Центрлік симметрия тақырыбын қарастырамыз
Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:
- симметрия және осьтік симметрияның анықтамасы.
- симметриялы фигураларды және симметрия осін тану.
Өткенді қайталау. №1107
Амандасады, үй тапсырмасына жауап береді.
Сұрақтарға жауап береді
Оқулық
10 мин
Жаңа сабақты бекіту.
Жазықтықтағы симметрияның екінші түрі – нүктеге қатысты симметрия.
Центрлік симметрия – нүктеге қатысты симметрия, яғни нүктеге қатысты оның екі жағында бірдей қашықтықта симметриялы бір нәрсе (мысалы, басқа нүктелер немесе нүктенің геометриялық орны) болуы.
Егер O нүктесі AB кесіндісінің ортасында жатса, A мен B нүктелері O нүктесіне қатысты симметриялы болады. O нүктесі симметрия центрі деп аталады, ал фигура центрлік симметриялы болады.
Практикалық жұмыс №3. O нүктесі қатысты AB кесіндісіне симметриялы кесіндіні салайық:
1) O нүктесі қатысты А нүктесіне симметриялы А1 және В нүктесіне симметриялы В1 нүктесін салу;
2) А1 және В1 нүктелерін қосамыз, сонда А1 В1 кесіндісін аламыз.
Практикалық жұмыс №4. О нүктесіне қатысты АВС үшбұрышына симметриялы үшбұрышты салуды өздері орындауды ұсыну.
Нәтижесін тақтада көрсету арқылы өзін – өзі бағалауды жүзеге асыру.
Қасиеті: Бір нүктеге қатысты симметриялы фигуралар тең.
Координаталық жазықтықта О нүктесіне қатысты симметриялы нүктелердің координаталары қарама – қарсы сандар болады.
Егер O нүктесіне қатысты симметриялы нүктелер фигураның өзінде жатса, ол фигура центрлік симметриялы фигура болады.
№1. Қай нүкте A нүктесіне симметриялы екенін тап.
O нүктесіне қатысты
a түзуіне қатысты
№2. Суретте үшбұрыш, квадрат және тік төртбұрыш берілген. Қай суреттердегі қызыл түзу симметрия осін көрсетіп тұр?
№3. Төмендегі заттардың арасынан осьтік немесе центрлік симметриясы болатын заттарды тап.
Өз бетімен жұмыс №4. Симметрия осі бар фигураны таңдап, осін жүргізіңіз.
«Басбармақ» әдісімен бағалау алады
Жүргізіледі
Дескриптор: Білім алушы: - координата лық жазықтықта симметриялы нүктелер салады;
- центрлік симметриялы фигураны біледі:
- екі симметриясы да болатын фигураны біледі.
Интернет ресурстары
Жалпы білім беретін мектептің 6–сыныбына арналған оқулық.
Оқулық авторлары: Т.А.Алдамұратова, Қ.С.Байшоланова, Е.С.Байшоланов Алматы «Атамұра» баспасы 2018 жыл
Жеке жұмыс
Оқулықтан №1125.
Оқулықтан тақырыпқа қатысты есептерді шығарады.
Оқулық
5 минут
Бүгінгі сабақта:
- симметрия және осьтік симметрияның анықтамасы.
- симметриялы фигураларды және симметрия осін тану.
Бекіту сұрақтары. -осьтік және центрлік симметрия деген не? түзуге қатысты берілген фигураларға симметриялы фигураларды с-алу алгоритмі;
- нүктеге қатысты берілген фигураларға симметриялы фигураларды салу алгоритмі.
Рефлексия: Бүгін біз сабақта нені білдік, оқушы пікірін тыңдау.