1.Сұрақтарға жауап беріңіз.
Сіз демалысыңызды қайда өткізесіз? Шетелге шығасыз ба, әлде өз туған жеріңізде боласыз ба?
Демалысыңызды кіммен өткізгіңіз келеді: досыңызбен бе, жалғыз ба, отбасыңызбен бе?
Егер демалысыңызда саяхаттайтын болсаңыз, қайда тоқтайсыз: қонақүйге ме, жалдамалы пәтерге ме?
Қонақүйге тоқтаған жақсы ма, жалдамалы пәтерге ме? Неге екенін жазыңыз.
Өзіңіз ұнатқан қонақүйіңіз бар ма? Қашан тоқтадыңыз? Ол қайда орналасқан?
2.Төменде берілген қонақүй хабарламаларына назар аударыңыз. Оқыңыз.
Қай қонақүйді таңдайтын едіңіз?
Қонақүй таңдағанда сіз үшін ең басты нәрсе не?
интернет қызметінің болуы
|
3.Сұрақтарға жауап беріңіз.
Сұрақтар
«Алтын жұлдыз»
«Әлия»
Хабарлама жалдамалы пәтер туралы ма,
қонақүй туралы ма? _____________________ _________________
Біркісілік бөлме қанша тұрады? Ал екі кісілік ше?
Бөлме құнына тамақтың бағасы кіре ме?
Таңғы ас алдында сұлулық
салонына бару мүмкін бе?
Жүзу бассейнін қолдану қанша тұрады? Теннис пен гольф ойнауға бола ма?
Интернет қызметі бар ма?
Спортпен айналысуға мүмкіндігіңіз бола ма?
Қай қонақүй қымбат деп ойлайсыз?
4.Қонақүйге тапсырыс беру формасын толтырыңыз.
Тапсырыс беру
|
Аты-жөніңіз:
Туған жылыңыз, күніңіз, айыңыз:
Жынысыңыз:
Төлқұжат / жеке куәлік нөмірі:
Жарамдылық мерзімі:
Қанша күнге тоқтайсыз?
қарапайым жартылай жайлы
Бөлме түрі: өте жайлы
біркісілік екікісілік
|
« » « »
Ер Әйел
Жеке куәлік Төлқұжат
№ №
/ /
. Қосымша мәлімет:
|
5.Сұхбатты оқыңыз.
Рахман қайнарлары
-Біз отбасымызбен демалса деп едік. Шығыс Қазақстанда керемет шипажай бар екен. Сол туралы не айтасыз?
-О-о-о, тамаша таңдау! Рахман қайнарлары деген шипажай бар. Барсаңыз, өкінбейсіз.
-Балалармен баруға бола ма? Қандай жағдай жасалғанын айтыңызшы. Бағасы қанша болады? Биыл шет елге шықпай, туған жеріміздің көрмеген әсем жерлерімен танысайық деп шештік.
-Табылған ақыл! Бұл жерге барсаңыз керемет табиғат аясындадемалып қайтасыздар, сонымен бірге емделіп, денсаулықтарыңызды жақсартуға болады. Қазір сізге ғаламтордан көрсетейін. Күте тұрыңызшы.
-Әрине, бармас бұрын барлық мәліметтерді біліп алайын деп едім.
-Ә, міне, таптым! Демалыс орны төрт елдің шекарасымен іргелес жатыр:
Қазақстан, Қытай, Ресей, Монғолия. Шипажайдың ең құндылығы ондағы емдік қасиеті бар бұлақтардың орналасуында. Ел ауызындағы аңызға сенсек, бұл бұлақ суларының шипалық қасиетіне ертеде Рахман атты аңшы кісі көз жеткізіпті. Ол жаралы маралдың осы суға түсіп қалай емделіп, сауығып шыққанын өз көзімен көрген екен.
-Иә-иә, мен де солай деп естігенмін. Жақсы болды. Ал онда көрнекі жерлері аралауға болама ма?
- Әрине. «Рахман қайнарлары» тек ем алу ғана емес, белсенді демалыс орны. Шипажай қызметкерлері сізге «Радостный» айлағына көкке шығуды, Патшалар жазығына саяхат жасауды, Язовое көлін аралауды ұсынады. Бірақ табиғаттың бұл жердегі сыйы осымен таусылмайды. Белуха тауының бауырын атпен аралап, Равновесие көлінің таңғажайып келбетін тамашалауыңызға болады. Балық аулауды жақсы көрсеңіз, балаларыңызбен Күршім өзеніне, Бөкен жылғаларына немесе Марқакөлге, Ақ Берелге бара аласыз.
-Тіпті керемет!
-Сізге демалыс орнына тапсырыс беруге көмектесейінбе?
-Әрине, әрине. Міне құжаттарым. Мен де соны сұраймын деп отыр едім. Көп рақмет сізге.
-Оқасы жоқ. Бұл біздің жұмысымыз ғой.
6-тапсырма.Жауаптарға сұрақ қойыңыз.
1
|
Керемет шипажай
|
Шығыс Қазақстанда не бар?
|
2
|
Шығыс Қазақстанда
|
......................................................................
|
3
|
Емдік бұлақ суы
|
......................................................................
|
4
|
Емдік бұлақ суын Рахман аңшы тауыпты
|
......................................................................
|
5
|
Төрт елдің шекарасымен іргелес жатыр
|
......................................................................
|
тыңдаЛыМ
1.Сұхбатты тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап жазыңыз.
Қонақүй қалай аталады?
|
|
Сөйлеуші қандай бөлмеге тапсырыс берді?
|
|
Қанша күнге тапсырыс бергісі келді?
|
|
Қай айда, қандай күндері?
|
|
Бөлменің құны қанша?
|
|
Таңертеңгі ас қоса есептелді ме?
|
|
Телефон соққан адам бөлмеге қатысты не сұрады?
|
|
Телефон соққан әйел адам ба, ер адам ба?
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |