8-тапсырма. Қонақүйдің шағым және тілектер кітапшасына өз шағымыңызды жазыңыз. А) Сіз қонақүйге телефон соғып, екі кісілік бөлмеге тапсырыс бердіңіз. Бірақ олар сізге бір кісілік бөлме берді.
Ә) Сіз таңғы асты бөлмеңізге таңғы сағат 07.00-де әкеп беруді сұрадыңыз. Бірақ таңғы асты ешкім әкелмеді.
VII. СӨЙЛЕСІМ. Жұптық жұмыс. Өзара қонақүйге тапсырыс беріп жаттығыңыз.
А) Сіз қонақүйге телефон соғасыз. Келетін күніңізді, қанша күн тұратыныңызды және қандай бөлме керек екенін айтасыз.
В) Досыңыз/әріптесіңіз тіркеуші рөлінде болады. Қонақүй хабарламасын қолдана отырып, сіздің сұрақтарыңызға жауап береді.
С) Екеуіңіз орын ауыстырыңыз.
VII. ҚОРЫТЫНДЫ