Сабақтың тақырыбы Сәлем -сөздің анасы. Ата-бабадан қалған ілтипат отбасының негізі



бет40/57
Дата16.09.2023
өлшемі6,08 Mb.
#108128
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   57
Байланысты:
Ñàáà òû òà ûðûáû Ñ ëåì -ñ çä³ àíàñû. Àòà-áàáàäàí àë àí ³ëòèïà (1)

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары



Бөлім:

Тіршілік қауіпсіздігі

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)




Күні:




Сынып:

Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Жолаушы көлікте қалай піл бола алады?

Сабақтың мақсаты

қоғамдық көліктегі мінез-құлықтың негізгі ережелерін атай алады;
әртүрлі қоғамдық көліктегі мінез-құлықтың ережелерін ажырата алады;

Бағалау критерийі

көліктегі дұрыс мінез-құлықтың маңыздылығын негіздей алады;
көлік пен аялдамадағы мінез-құлық ережелерін бұзушылықты анықтай алады;
«Көліктегі мінез-құлық ережелері» жаднамасын құрастыра алады;
Өз сөзімен қорытынды тұжырымдай алады.

Құндылықтарды дарыту

Өзіне және айналадағыларға құрметпен қарау, пәнге деген қызығушылығын арттыру.


Сабақтың барысы

Сабақтыңкезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ширату
(Ұ) Орнымызға жайғастық,
Сабақты біз бастадық.
Құпияны ашайын:
Бүгін қызық болады!
Өткенді бір қайталап,
Біліктерді бекітіп,
Жаңа білім аламыз.
Ең соңында «Қолымнан келеді!»
Деп айтамыз (Ж) – Қозғалысты жеңілдету үшін адам көлік түрлерін ойлап тапты. Бүгін біз қаладағы өмірді автобус, трамвай, троллейбус, метросыз елестете алмаймыз.
Көлікті мектепке, дүкенге, стадионға, басқа қалаға немесе елге бару үшін пайдаланамыз. Үйде сөзжұмбақты шешіп, көлік түрлерін анықтадыңдар.


(Ұ, Ж, Ө) Сабақ тақырыбы кестеде жасырылып, кілті берілді. (Жолаушы)




1

2

3

4

5

6

7

8

1

о

Д

Е

Ы

ш

а

О

Г

2

ы

у

Э

ж

З

В

Р

Л

Кілт: 2-4, 1-1, 2-8, 1-6, 2-2, 1-5, 2-1, 2-7
Жолаушы деп кімді атайды?Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушы өз ойларын ортаға салады.
Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»



Тақырыптық суреттер
сілтемеде
суреттер

Сабақтың ортасы

(Ұ) – Көлікті қоғамдық орын деп атауға бола ма? Не себепті?
(Ө) Мәтін оқу
– Қандай көлікті қоғамдық деп атауға болады?
– Нені есте сақтауларың қажет?
(Ұ, Ж, Т) «Қателіктерді түзет» дидактикалық ойыны.
Қоғамдық көлікті пайдалану ережелері:

  • Автобус, троллейбус, трамвай, велосипед, метро және такси қоғамдық пайдаланудағы қалалық көлікке жатады.

  • Көлік қозғалысы кезінде жолаушылар жүргізушіні алаңдатуы тиіс.

  • Автобус не троллейбусты арнайы отырғызу алаңында не тротуарда күту қажет.

  • Автобус не троллейбус толық тоқтағаннан кейін оларға кіруге немесе шығуға рұқсат етілмейді.

  • Жолаушыға көлік құралының есігін ашуға рұқсат етіледі.

  • Көлік қозғалысы кезінде жолаушыға терезеден шығуына болады.

  • Жолаушыға көлік есігінің жабылуына кедергі жасауға болады.

  • Жолаушыға тұрмыстық қалдықтар мен өзге де заттарды көліктің ашық терезесінен лақтыруға тыйым салынады.

  • Автобус не троллейбустан шыққаннан кейін жолаушы өткеліне дейін жетіп, сол жерден жолдан өту керек.

  • Көлікке кірген кәрі жолаушыларға немесе балалы жолаушыларға орын беру қажет.

  • Көліктің есігіне өткенде барлығын шынтақтап итеру керек.

  • Көлікте жолақы төлеу міндетті емес.

– Билетсіз жолаушы қалай аталады («қоян», «қоян сияқты жол жүру»)
– Не себепті ол осылай аталады?


Мұғалімге арналған ақпарат:
Осы теңеудің шығу тарихы нақты анықталған жоқ, бірақ оның едәуір ескі екені белгілі. 19-ғасырда да билетсіз жолаушылар «қоян» деп аталған.
1. Француз тілінің aller (voyager) en lapin – қоян сияқты саяхат жасау (яғни үй қояны, lapin "үй қояны") деген сөйлемінен туындаған. Билетсіз жолаушының ұсталып қалудан қорқып, қоян сияқты дірілдейтінін меңзейді.
2. Қоянның жылдамдығы да ескеріледі, өйткені билетсіз адамдар кондуктордан сытылып кету үшін жылдам болуға мәжбүр.
Қорытынды: Есте сақтаңдар! Кез келген көлікпен жүрген кезде жолақы МІНДЕТТІ ТҮРДЕ төленуі тиіс! Қоғамдық көлікті пайдалану ережесін бұзған адам өзінің және жол қозғалысына қатысушылардың өмірлеріне қауіп төндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет