5. Дәптермен жұмыс Мына суреттердегі бейнелердің қайсысын өз отбасы мүшелеріне теңер едіңдер? Әңгімелеп беріңдер. Суреттерді бояңдар.
ЕББоқушыға тапсырма шығарылып беріледі.
Сергітку сәті Өлең мазмұнына сәйкес қимыл- қозғалыстар жасалады.
ЕБҚ: оқушыға жеке жұмыс кезінде қасындағы сыныптастары және мұғалім диалог арқылы қолдау жасайды
Ғажайып сөздер - Отбасы, қуаныш, шаттық, мейірімділік, қамқорлық, сүйіспеншілік.
Oтбaсы – барлығымыздың жүрегімізге ең жақын сөз. Ол – махаббат пен тыныштықтың, мейірім пен жарасымның, қуаныш пен мерекенің мекені. Адам баласының өсіп-өнетін алтын ұясы. Cыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай ғана Отан. «Oтан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю – отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы баспалдағы. Оның ер жетіп, бойжетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік қасиеттерінің белгілері отбасында қалыптасады. Барлығымызға белгілі – әлемдегі біздің ең шынайы байлығымыз – ол, әрине біздің отбасымыз.
Бағалау критериі
Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін ажыратады
Дескриптор:
Отбасындағы құқықтарын анықтайды;
Ұғымдар бойынша ақпарат анықтайды;
Дәйектердің нақты, толық сипаттайды:
Дескриптор
Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды; құрылысын сақтап, жүйелі ой жазады.
Дескриптор:
Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін қажеттігін дәлелдейді;