Сабақтың тақырыбы Сәлем!Сенің атың кім



бет56/153
Дата25.10.2022
өлшемі20,63 Mb.
#45224
түріСабақ
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   153
Байланысты:
1 сынып КМЖ

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы(2-5 минут)

(МК) Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа
дайындау, оқу құралдарын алу.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.


Сөздікпен жұмыс.
Түйе – верблюд
Жылқы – лошадь
Сиыр – корова
Қой – овца
Ешкі – коза
Сөздерді мұғалімнен кейін қайталап, сөз тіркестерін құрау (ауызша)
М: ақ ешкі, қара сйыр, үлкен түйе т.б.
- Ал , енді олардың төлдерімен таныс болайық.
Бота – верблюжонок
Құлын – жеребенок
Бұзау – теленок
Қозы – ягненок
Лақ - козленок
Сөздерді мұғалімнен кейін қайталап, сөз тіркестерін құрау (ауызша)





Сабақтың ортасы (6-40 минут)

(МК,Ұ)


Үй жануарлары
.Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылармен пікір алмасу


(сөйлесу).


Сұрақтар:


-Бұл не?


-Қандай аңдар бар?


-Қандай жануарлар бар?


Сөздікпен жұмыс: жылқы,түйе,сиыр,қой,ешкі,есек,шошқа.


1-тапсырма.Суреттегі жануарларды атау.


Айтылым.2-тапсырма.Сурет бойынша жұмыс.












Т

Ү

Й

Е










Қ

О

Й
















Ж

Ы

Л

Қ

Ы

Б

О

Т


н
А

Қ

О

Я







Т

А

У

Ы

Қ




Б

Ұ

З

А

У










Қ

О

Р

А

З













Л

А

Қ







Қ

А

З







С

И

Ы

Р













М

Ы

С

Ы

Қ




  1. Маң-маң басып келеді,

Топырақтап желеді
Мойны-ұзын үсті – тау
Ертеден елге бел еді

  1. Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар

  1. Тай құлынды кім білмейді?

Бие, байтал тағы бар
Айғыр, тұлпар, дүл-дүлдердің
Жалпы атауын табыңдар

  1. Түйе баласын не деп атаймыз?

  2. Жол үстінде қу қазық,

Мергеншіге жол азық

  1. Күн бата қонақтап қалқыған,

Таң ата жерден жем аңдыған

  1. Сиырдың баласын не деп атаймыз?

  2. Ертеде тұрады жар шақырады

  3. Ешкі баласын не деп атаймыз?

  4. Жүргенде - байпаң,

Тұрғанда - маңғаз
Кеудесі - қайқаң,
Мен болам паң

  1. Жем, шөптенде тартынбайды,

Сабасы да сарқылмайды

  1. Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ,

Тоны бар киеріне шапаны жоқ.
Пайдасы үй - ішінен табылған соң
Далаға кіріп - шығар сапары жоқ
Мал деген не? Табиғатта еркін жүрген аңдарды, жануарлар дейтінін білесіңдер? Адам ертеде сол жануарлардың етін жеп, сүтін ішу ішін және басқада қажетіне жарату үшін қолға үйреткен. Қолға үйір болған жануарларды «Мал» деп атаған
«Түлік» деген не? Адамдардың өте жақсы көріп, ерекше қамқорлықпен бағып күткен малдары.
Малдың төрт түрі:
Түйе, сиыр, жылқы және қой ешкі «төрт түлік» деп аталған. Қолға үйретілген басқа жануарлар ит, есек, шошқа, мысық, қаз, үйрек, тауық үй хайуанаттары деп аталады. Халық оларды қажетіне жаратса да, түлік деп атамаған. Төрт түлікті екі топқа бөліп, «ірі қара және ұсақ мал»дейді. Түйе, сиыр, жылқы ірі қара, ал, қой ешкі ұсақ мал болып аталады.
Төрт түліктің ішіндегі ең ірісі және жер бетінде денесі едәуір үлкен, ауыр салмақты жануарлардың бірі – түйе. Түйе арқасына май жинайды. Оны өркеш деп атайды. Қазақстанда бір өркешті және екі өркеші түйелер өсіреледі. Бір өркешті түйе – «нар» деп, екі өркештісі «айыр» өркешті деп аталады.
Қазақ халқы жылқыны жеті қазынаның бірі санайды. Ер қанаты ат деп жылқы түлегін қастерлейді. Жылқы туралы қазақ ақындары Абай атамыз тамаша жырлар ұсынған. Қазақстан шығарылған сиыр тұқымдары бар. Қазақтың ақбас сиыры. Нағыз етті бағыттағы отандық сиыр. Сиырды көктемде туған жас төлі бұзау деп аталады. Қой – момақаң түлік, аңғал және үркек. Ешкі – теңтек, сергекте елпек. Қазақ халқы маңыраған малы болса да, қойға ерекше назар аударған. Өйкені қой – күн көріс көзі. Бүкіл тұрмыс тіршілігінің арқауы.
«Ешкі бақтым, еңіреп бақтым» дейді халқымыз. Ешкілер ыстыққа да суыққа да төзімді. Сондықтан терілері қалың болады да, одан сапалы былғары дайындайды.
Сөздік жұмысы.

1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.


2. Оқушылар жаңа сөздерді тізбектеп айтып шығады.


3. Әр түрлі әдістер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.


а) Мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады, оқушы допты қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады. Осылай барлық сөздермен жұмыс жасалады. Көп сөз меңгерген оқушы алғыр атанады.


ә) тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөздерді қазақ тілінде жазып тұрады, ал сол сөздің аудармасы дұрыс тапқан оқушы тақтаға келіп, аудармасын жазады.


б) Жаңа сөздер деректі заттар болса, оларды мұғалім көрсетіп отырады, басқа оқушылар сол заттың атауын дәптерлеріне жазып отырады. Кейін оқушылар кезек- кезек тақта алдына шақырылып, сөздердің сауатты жазылуы тексеріледі.


Топтық жұмыс


1-тапсырма. «Үй жануарлары» тақырыбы бойынша жұмыс. Бейнелеу өнері арқылы жұмысты жандандыру.


2-тапсырма. Сөз тіркесін жасап сөйлеу қабілетін дамыту, тапсырманы жеке тапсырма ретінде орындату. Жеке жеке жұмыс жасау.


3-тапсырма. «жылқы» атты өленді мәнерлеп оқу. Мәнерлеп оқудың сайысын ұйымдасты



Оқулық
Аудидиск:


1.3.1; 1.3.2; 1.3.3;
Доп,текше кітап,дәптер,қалам,қарындаш.

№1Жұмыс дәптері



Сабақтың соңы( 41-45мин)

Шығармашылық жұмыс.

  1. Мақал – мәтел айту

  2. Жұмбақ шешу

  3. Төрт түлік туралы өлеңдерін оқушылардан сұрау.

1. Сөздерді сәйкестендір.
Ақ түйе
Бір құлын
Қоңыр қой
Үлкен сиыр
Кішкентай бота
2.Үй жануарларының төлдерін жазу.
Сиырдың төлі – бұзау.
Жылқының төлі – құлын.
Түйенің төлі – бота.
Қойдың төлі – қозы.
Ешкінің төлі – лақ.
3. Ойын ойнау.
Сыныптағы балаларды үш топқа бөліп жарыстыру. Сурет арқылы үй жануарларының аттарын қайталау негізінде ойналады. Әр дұрыс жауапқа жұлдызша беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет