Сабақтың тақырыбы: Шағын жинақталған мектеп және оның ерекшелігі


Шағын жинақты мектептердің басты мәселелерін былай көрсетуге болады



бет4/12
Дата07.10.2022
өлшемі112,13 Kb.
#41852
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Саба ты та ырыбы Ша ын жина тал ан мектеп ж не оны ерекшелігі

Шағын жинақты мектептердің басты мәселелерін былай көрсетуге болады:
- қосалқы сыныптарда оқу өткізудің ыңғайсыздығы;
- аз толтырылған сыныптарда оқытудың дәстүрлі әдістемелерінің артық болуы;
- кәсіптік білім беруді ұйымдастыруға мүмкіндік жоқтығы;
- қосымша білім беру ұйымдарының және мәдени орталықтардың жоқтығы;
- арнайы ғылыми-әдістемелік кешендердің болмауы;
- мұғалімдердің, әсіресе, тәжірибесіз жас мамандардың шағын жинақты мектеп ерекшелігіне байланысты оқыту үдерісіне дайын болмауы;
- мұғалімдердің біріктірілген сыныптардағы сабаққа дайындалу, өткізу барысында шамадан тыс жүктеме орындағанына қарамастан, еңбекақыларына үстемеақы қосылмауынан, ынталарының төмендеуі;
- әмбебап кәсіби педогогикалық мамандардың жетіспеушілігі;
- мұғалімдер ұжымының орташа жас көрсеткішінің жоғарылығы;
- материалдық-техникалық базаның нашарлығы;
- оқу үдерісінің интерактивті-мультимедиялық құралдармен, зертханалар мен компьютерлік сыныптармен жасақталмауы, жасақталған күнде де мұғалімдердің барлығының бірдей ондай заманауи құрылғылармен жұмыс істеуге дайын болмауы;
- сыныптағы оқушы санының аздығына қарамастан, жыл санап ҰБТ көрсеткішінің төмендігі.
Республика бойынша шағын жинақты мектептердің жұмысын ұйымдастыруға кедергі болатын мәселелер ортақ, сондықтан да оларды шешуде де барлық осындай деңгейдегі мектеп ұжымы ортақтасып еңбек еткені абзал.
Шағын жинақты мектеп саны жыл өткен сайын көбеймесе, азаймай отырғаны белгілі. Олай болса, бұндай мектептегі оқу сапасы барлық ел азаматтарының білім көрсеткішіне әсер етеді. Ал оқу сапасы оқу үдерісінің дұрыс ұйымдастырылуына байланысты. Сондықтан да ғылыми жұмыс тақырыбы бүгінгі таңда өзекті болып саналады.
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш шағын жинақталған мектептегі педагогикалық үдерістің ерекшелігі



Сабақтың тақырыбы: Сынып. Сынып-комплект құрастыру

Нақты айтқанда, 1999-жылғы маусымның 7-сінде (№389-І ҚРЗ) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ-ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп». ШЖБМ-те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте – екі сынып, ал бір комплектілі мектепте – үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды.


Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады.
Егер мектепте барлық балалар саны 15-тен аспайтын болса, 1- сынып комплект, 15-тен жоғары 2 немесе 3-сынып комплект болуы тиіс. Мұнда 1 сынып-комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген.
Мұнда екінші сынып-комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3 сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру қажет делінген. Егер де бала санының аздығына байланысты, яғни 5-тен 15-ке дейін ғана бала болса, онда 1 сынып-комплект - 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда тиімді жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болады делінген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет