Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштардың ұқсастығы
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың бұрынғы біліміне сүйене отырып, жаңа білім беру, қызығушылығын ояту. Үшбұрыштар ұқсастығының белгілерін түсіндіру, оларды есеп шығаруда пайдалана білуге үйрету.
Оқушылар белсенділігін арттыру, жауапкершілікке, ізденуге, еңбектенуге тәрбиелеу;
Батылдыққа, ұйымшылдыққа, тазалыққа, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру
Сабақтың көрнекілігі: компьютер,таратпа қағаздар, кесте , слайдтар
Сабақтың әдісі: салыстыру әдісін қолдана отырып жаңа білімді өздігінен меңгеру, сұрақ-жауап, өздігінен ізденіс
Сабақтың өту жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ барысымен таныстыру.
Білімге жетелейтін үш жол бар :
Еліктеу жолы –ең жеңіл жол,
Ойлау жолы –ең игілікті жол,
Тәжірибе жолы-ең қиын жол .
Конфуций.
Ұранымыз: « Ойлан,ізден!»
Балалар бүгін сабағымызды біз екі топтың жарысы түрінде ұйымдастырамыз
Алдын ала екі топқа бөлінген
Сабақ барысы
Жаңа сабақты өздігінен меңгеру/ екі топ болып постер құру, қорғау/
Жаңа сабақты бекіту/ сұрақтарға жауап беру/
Кесте толтыру
Сергіту сәті
Диктант
Есептер шығару
Сабақты бағалау
Қорытынды
Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг/ өз бойыңдағы 5 жақсы қасиетті айту/
Абай атамыздың 5 асыл ісін еске түсіру /талап,еңбек,терең ой, қанағат,рақым ойлап қой ,бес асыл іс көнсеңіз/
/ адамгершілік,мейірімділік, кешірімділік, адалдық,сыпайылық /
Жаңа сабақты өздігінен меңгеруге бағыттау
Үйге 7 сыныпта өткен үшбұрыштар теңдігінің белгілерін қайталау берілген.
1.Оқулықты ашып үшбұрыштардың ұқсастығы деген ұғымды ажыратып алайық ;/ үшбұрыштар ұқсас болса,онда бұл үшбұрыштардың сәйкес бұрыштары өзара тең және сәйкес қабырғалары пропорционал/
2.математика тіліне аударып жазайық;
∆АВС ∆А 1В 1С1 А= А 1, В= В 1, С= С 1,
А 1В 1 =к А В ,В 1С 1=к ВС, А 1С 1 =к А С
к= , к= , к= ,
3.Теңдік белгілеріне постер құру/ екі топ /,қорғау
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту /көрнекілікте жазылған сұрақтарға жауап беру/ 1.Үшбұрыштар ұқсас болу үшін І белгі бойынша қандай шарт орындалу қажет?/ бір үшбұрыштың екі бұрышы екінші үшбұрыштың екі бұрышына тең болу керек/
2. Үшбұрыштар ұқсас болу үшін ІІ белгі бойынша қандай шарт орындалу қажет?/бір үшбұрыштың екі қабырғасы екінші үшбұрыштың екі қабырғасына пропорционал, арасындағы бұрыштар тең болу керек/
3. Үшбұрыштар ұқсас болу үшін ІІІ белгі бойынша қандай шарт орындалу қажет?/ бір үшбұрыштың үшқабырғасы екінші үшбұрыштың үш қабырғасына пропорционал болуы қажет/
Есептер шығару : екі топқа бірдей кесте таратылады,тексеріледі/ екі топ бір-бірін тексереді/
Кесте
Берілгендерді пайдалана отырып, ұқсас үшбұрыштардың тиісті элементтерін анықтау АВС А1В1С1