Әдеби-дәлелдеме эссеге құрылымдық талдау
КІРІСПЕ
Тақырыпты түсіну сөйлемі:
Күлтегін – екінші Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, «көк түріктің көк семесері» атанған атақты батыры. «Күлтегін» жырында оның түрік халқына қаған болып, билік еткен жылдарындағы мемлекет жағдайын алға өрлеткені жайлы айтылады.
Тақырыптың өзектілігі:
Менің ойымша, жыр жолдарын қазіргі Қазақстанмен байланыстыруға болады,
Тезис:
яғни Күлтегін қаған мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н. Назарбаев арасындағы ұқсастық.
БӨЛІМ НЕГІЗГІ
1 - абзац
Тезисті қолдаушы пікір
Біріншіден, (сөз оралымы) Н. Назарбаев та Күлтегін қаған сияқты елінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін бірқатар жұмыс атқарған.
Аргументке дейінгі баяндау (уақыт, мекен, жағдай, қатысушылар т.б.)
Олардың ел басқаруының алғашқы жылдарында халықтың тұрмысы мүшкіл еді.
Аргумент
«Күлтегін» жырында:
Іші ассыз,
Сырты тонсыз,
Бейшара, мүсәпір халыққа отырдым, - десе, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы басылымдарының бірінде: «Қазақстан 90- жылдардың орта шенінде қалған дағдарысты жағдай республиканың барлық әлеуметтік табыстарын апат шегіне апарып қойды. ...Осының барлығы Қазақстан халқының айтарлықтай бөлігінің өмір сүру деңгейі күрт төмендеп кетуіне алып келді»,
Жырдағы:
Өлімші халықты тірілттім.
Жалаңаш халықты тонды,
Кедей халықты бай қылдым, - деген жолдардың қазіргі уақытта елбасының түн ұйқысын төрт бөліп жасаған реформалары, заңдары, стратегиялық жоспарлары (аргументтер)
Мерзімі:22.02 №22 Сабақтың тақырыбы: Әдеби публистикалық эссе
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Публицистикалық стиль туралы алған білімдерін байқау, тақырыпты ауқымды түрде ашу.
ә) дамытушылығы: Оқушыларды шығармашылыққа баулу, топ алдында еркін сөйлеу , пікір қорғау дағдысын дамыту. Сауаттылығын арттыру.
б) тәрбиелігі: Халық даналығы арқылы білімділікке, қабілеттілікке баулу.Елі үшін туған ерлердің өмірін үлгі ету.
Достарыңызбен бөлісу: |