Сабақтың тақырыбы "Шұғаның белгісі" хикаятының тақырыбы мен идеясы Оқу мақсаттары


«Күлтегін» жырындағы осы жолдардың қазіргі Қазақстанмен байланысы бар ма?



бет26/39
Дата06.12.2022
өлшемі343,57 Kb.
#55416
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39
Байланысты:
ашық сабақ шұға белгі

«Күлтегін» жырындағы осы жолдардың қазіргі Қазақстанмен байланысы бар ма?

Күлтегін – екінші Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысы, «көк түріктің көк семесері» атанған атақты батыры. «Күлтегін» жырында оның түрік халқына қаған болып, билік еткен жылдарындағы мемлекет жағдайын алға өрлеткені жайлы айтылады. Менің ойымша, жыр жолдарын қазіргі Қазақстанмен байланыстыруға болады, яғни Күлтегін қаған мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н. Назарбаев арасындағы ұқсастық.


Біріншіден, Н. Назарбаев та Күлтегін қаған сияқты елінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін бірқатар жұмыс атқарған. Олардың ел басқаруының алғашқы жылдарында халықтың тұрмысы мүшкіл еді. «Күлтегін» жырында:
Іші ассыз,
Сырты тонсыз,
Бейшара, мүсәпір халыққа отырдым, - десе, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы басылымдарының бірінде: «Қазақстан 90- жылдардың орта шенінде қалған дағдарысты жағдай республиканың барлық әлеуметтік табыстарын апат шегіне апарып қойды. ...Осының барлығы Қазақстан халқының айтарлықтай бөлігінің өмір сүру деңгейі күрт төмендеп кетуіне алып келді», - деген тарихи естелік – осы күндердің айғағы. Екеуі де азат халқының осындай хал-ахуалын көтеруге күш салды. Жырдағы:
Өлімші халықты тірілттім.
Жалаңаш халықты тонды,
Кедей халықты бай қылдым, - деген жолдардың қазіргі уақытта елбасының түн ұйқысын төрт бөліп жасаған реформалары, заңдары, стратегиялық жоспарлары еліміздің өмір сүру деңгейі минимумынан төмен табысы бар азаматтардың санының азайып, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруімен байланысы бар. Осылайша қаған мен президент ең бірінші халқының тоқтығын қамдаған.
Екіншіден, ел басқарушылар халқының тұрмыс жағдайын көтергеннен кейін, ел іргесінің беріктігін ойластыра бастады. Жырдағы «Тату елге жақсылық қылдым, - деген жолдардан Күлтегін қағанның көршілес елдермен жақсы қатынас орната алғандығы көрінеді. Сол сияқты Елбасының дүние жүзіндегі антиядролық қозғалысқа бастама көтеруі, елімізде болып жатқан әртүрлі деңгейдегі саммиттер, халықаралық іс-шаралар әлем елдерімен бейбіт, тату өмір сүруді ұстанғанын көрсетеді. Сондықтан екі басшы да жасампаздықтарымен ұқсас.
Түйіндей келе, қай дәуірде болмасын ел жағдайын ойлаған басшылар идеясында өзара ортақтастық бар. Олардың мақсаты - халқының қуаныш пен шаттыққа толы бейбіт өмір сүруін қамтамасыз ету. Жер бетіндегі елдермен төрт құбыласы тең өмір сүру. Күлтегін қаған мен президент Н.Назарбаевтың ел басқарудағы мүдделері өзгелерге үлгі болуға тұрарлық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет