Сабақтың тақырыбы: Шығарманың құрылысы



бет4/5
Дата16.05.2023
өлшемі32,95 Kb.
#93385
түріСабақ
1   2   3   4   5
Қорытынды:
«
...Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым.
Бақыт адам баласына келмес оңай, соны ұқтым. Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да,
Мансап жетпес бар адамға үлестіріп алғанда.
Үміт үзбей іздейді олар, тыңдап сол бір жақұтты,
Оны алыстан іздемегін, жүректен тап бақытты!»-
деген ақиық ақын Мұқағалидың сөздері Қамажайға
арналған секілді.
Қамажай - бақытын жүрегінен, жан-жағына шуақ боп шашыраған мейірімінен, бауырмалдығынан тапқан аяулы жан!
Үй тапсырмасы:Драма бойынша өзіңіз тақырып тауып, 70-80 сөзден тұратын эссе жазыңыз. Өз көзқарасыңызды нақтылау үшін үзінділер (цитаталар) мен аналитикалық пікірді қолданыңыз.




Дифференциация
Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау
Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Денсаулықты сақтау технологиялары. Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары.


Сергіту сәті: «Актерлік шеберлік»
Өлең шумағын 1-топ шаттанып айту.
Пай, пай, Өмір! 
Өтесің-ау бір күні. 
Тыясың-ау қуанышты, күлкіні. 
Өмір деген - бір жарқ еткен найзағай, 
Өмір деген - көк аспанның күркірі. 
Пай, пай, Өмір, 
Өтесің-ау бір күні! (М.Мақатаев) 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет