Сабақтың тақырыбы: Шығарманың құрылысы



бет2/5
Дата16.05.2023
өлшемі32,95 Kb.
#93385
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
docx1553589540

2.Жаңа сабақты меңгерту.
3.Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.
1-тапсырма. Видео «Әпке» спектакльден үзінді.
«Шұғыл сұрақтар» арқылы талдау.
І.Осы үзіндіден не аңғардық?
1.Қонақтардың шақырусыз келуі.
2. Қамажайдың салмақты мінезі, қазақы болмысы, қонақжайлылығы.
3.Достардың әрекеті.
4.Жастардың әрекетіндегі ерсі қылықтар.
Сергіту сәті: «Актерлік шеберлік»
Өлең шумағын 1-топ шаттанып, 2-топ мұңайып,
3-топ әндетіп ,4-топ эмоциямен айту.
Пай, пай, Өмір! 
Өтесің-ау бір күні. 
Тыясың-ау қуанышты, күлкіні. 
Өмір деген - бір жарқ еткен найзағай, 
Өмір деген - көк аспанның күркірі. 
Пай, пай, Өмір, 
Өтесің-ау бір күні! (М.Мақатаев) 


ІІ тапсырма. Топ мүшесінің бірі қағазға жасырылған кейіпкер атын алады, топтарға берілетін кейіпкерлер:
Қамажай, Темір, Нәзила, Омар.
Дескриптор

  • кейіпкерге қатысты мәліметтерді жүйелейді;

  • кейіпкерге қатысты дербес пікір айтады;

  • өз пікірін дәлелді жеткізеді.



Топтар «Дербес пікір айту» тәсілі бойынша кейіпкерге қатысты мәліметтерді іріктеп, жүйелейді, өзіндік пікір, дәлел, мысал, қарсы дәлел, қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысалдар келтіреді.
1. Өзіндік пікір (ой, идея); Қамажай - өте мейірімді, жаны нәзік, бауырлары үшін өз бақытынан бас тартқан жан.
2. Дәлел; Көңіліне қаяу салған бауырларын кешіре білуі, Қабенге қайырылмауы.
3. Өз пікірін айғақтайтын мысал; Қамажай. Мен сені түсінемін. Бірақ амалым не? Үйдегі төртеуі төрт азамат болмай, өз басымның қамын ойлауға хақым жоқ.
4. Өз пікіріне қарсы дәлел; Қазақстан Республикасының Конституциясында әркімнің өмір сүруге құқылы екендігін атап көрсетеді.


1.Өзіндік пікір:Тимур -КамАЗ-да бригадир болып жұмыс істейді. Тік мінезді,бұрама тілді,бірақ адал, қызу қанды, дөрекі, айналадағыларына қамқор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет