Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі» Оқу мақсаттары



бет1/4
Дата16.12.2023
өлшемі303,51 Kb.
#139894
түріСабақ
  1   2   3   4

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Мұғалімнің аты-жөні:

Калиева Г.Е

Пән/Сынып:

Қазақ әдебиеті, 9-сынып

Тоқсан

ІІ тоқсан

Тарау немесе бөлім атауы:

2-бөлім. Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Сабақтың тақырыбы:

Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі»

Оқу мақсаттары:

9.Т/Ж1.әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау.
9. А/И1. эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау.

Сабақ мақсаты:

Әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды.
Шығарма үзіндісінен композициялық амалдарды анықтайды.

Бағалау критериі:

  • әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды;

  • шығарма үзіндісінен композициялық амалдарды анықтайды;

  • шығармадан дәлел келтіре отырып талдайды.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны



Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1 минут



Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Сабағымыздың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі»
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:
Шоқан Уәлиханов шығармашылығы
Сенің меңгеретінің:

  • әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау;

  • шығарма үзіндісінен композициялық амалдарды анықтау;

  • шығармадан дәлел келтіре отырып талдау.




Презентация

5 минут

Жаңа сабақ

Оқушыларға Шоқан Уәлихановтың суреті көрсетіледі. Олар Ш. Уәлиханов туралы білетіндерін айтады.









10 минут


Тапсырмалар

1-тапсырма
Мәтінді оқып, негізгі ойын анықта.
Оқушылар Ш. Уәлиханов және «Ыстықкөл сапарының күнделігі» туралы берілген мәтінді оқып, не туралы жазылғанын ойланып, жазады.
Мәтін
XIX ғасырда Ресей империясы Орта Азия, Шығыс Түркістан өлкелеріндегі мемлекеттермен сауда және саяси қатынастарды орнату мақсатында зерттеу экспедицияларын ұйымдастырып отырды. Орыс Географиялық Қоғамының зерттеушілері аталған өлкелерге жасаған саяхаттары туралы құнды еңбектер қалдырған.
Ресей империясының офицері, қазақ халқының ғалым ұлы Шоқан Уәлиханов жазған «Ыстықкөл күнделігі» сол кездегі ең бағалы ғылыми еңбек болып табылады. Ғалым осы еңбегінде Тарбағатай, Жетісу, Жоңғар Алатауы, Қырғызстан жерлеріне жасаған сапарлары жайында, сол жерлердің климаты, халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, көптеген тарихи ескерткіштері туралы толық мәлімет береді.
Кейбір көңіл аударарлық тарихи ескерткіштердің суреттерін өз қолымен салады.


Дескриптор:

Өзіңді тексер!


Шоқан Уәлиханов 1856 жылы Ыстықкөл аймағына сапарға шығып, жол бойы көрген-білгенін қағазға түсіріп, күнделік ретінде жазып отырған. 18 сәуір мен 23 маусым аралығында жазылған. Бұл сол заманға ерекше жаңалық болып енді. Сол заман демей-ақ қазірдің өзінде осындай әрі күнделік, әрі әдебиет, әрі тың зерттеу еңбегі ретінде жарық көрген осындай құнды туынды жоқ десе де болады. Зерттеуші осы еңбегінде Тарбағатай, Жетісу, Жоңғар Алатауы, Қырғызстан жерлеріне жасаған сапарлары жайында, сол жерлердің климаты, халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, көптеген тарихи ескерткіштері туралы толық мәлімет береді.








10 минут


Тәжірибе



2-тапсырма


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет