І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Қызығушылықты ояту. Бір жас бала Данышпанға келіп айтыпты: «Мен өз өміріме қуаныш
қабылдаймын, бірақ қуанғым келмейді, неге екенін түсінбеймін».
Данышпан ол жас жігіт алдына қасық, кесе, шам қойып «Нені тандайсың?» деп сұрапты. «Қасықты» - депті жас бала. Данышпан онда оны «бес рет қайтала» депті. Жасөспірім 5 рет қайталайды.
«Mінe көрдіңбе, бір күнде миллион есе қайталасаңда ол орындалмайды».
«Онда не істеу керек?»
«Оған қолыңды созып алу керек».
Сол үшін бүгін сабақта сіздер өз білімдеріңізді алып, болашақта тәжірибеде қолдана білулеріңізді тілеймін.
Мақсаты:Оқушылардың тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылардың көңіл күйін көтереді және сабаққа деген қызығушылығын оятады.
Саралау:Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
Жаңа сабаққа кіріспе
Рандомайзер әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.Тақырып бойынша сабақ айтып,өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.