Сабақтың тақырыбы: Сырлы да сиқырлы аспан әлемі. Сан есім Бөлім: 9-бөлім. Аспан әлемінің құпиялары



бет16/70
Дата30.03.2023
өлшемі0,55 Mb.
#77530
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70
Байланысты:
5 сынып қазақ тілі 4-тоқсан

Қысқамерзімді жоспар
6-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Жұлдыздар мен аңыздар

Бөлім:

9-бөлім. Аспан әлемінің құпиялары

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы: 5

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жұлдыздар мен аңыздар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.Ж3.Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру.
5.3.6.1 мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастырады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.


Топтастыру.



Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:
Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.
I – Үшбұрыштар тобы
II – Дөңгелектер тобы
III – Төртбұрыштар тобы



Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Фигуралар салынған конверт


Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар:
1.Қандай аңыздарды білесің?
2.Жұлдыздарға байланысты қандай аңыздар білесіңдер?
3.Аңыздарға сенесіңдер ме?

Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет