Қысқамерзімді жоспар №1-сабақ Сабақтың тақырыбы: Саяхат-таным бастауы. Төл сөз бен автор сөзі
Бөлім:
10-бөлім. Саяхат және демалыс
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы: 5
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Саяхат-таным бастауы. Төл сөз бен автор сөзі
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
5.Т/А5.Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру,көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру.
5.О3.Хат,хабарлама,жарнама,нұсқаулық,хабарландырудың құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.
5.ӘТН5.5.Төл сөз,төлеу сөзавтор сөзінің жасалу жолдарын,қызметін білу,төл сөзді төлеу сөзге айналдыру.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап береді, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіреді.
Көпшілік оқушылар үшін: Хат,хабарлама,жарнама,нұсқаулық,хабарландырудың құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратады.
Кейбір оқушылар үшін: Төл сөз, төлеу сөз автор сөзінің жасалу жолдарын,қызметін біледі, төл сөзді төлеу сөзге айналдырады.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.
Топтастыру.
Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:
Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.
I – Үшбұрыштар тобы
II – Дөңгелектер тобы
III – Төртбұрыштар тобы
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
Фигуралар салынған конверт
Жаңа сабаққа кіріспе
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар: 1.Саяхат деген не?
2.Саған саяхаттау ұнай ма?
3.Қай жерлерге саяхаттағың келеді?
Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.